Үкімет • 28 Қараша, 2019
Инклюзивті білім беру кабинеті ашылды
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен елорда әкімі Алтай Көлгінов №88 жаңа мектеп-лицейіне барды. Оқу орны 1200 орынға есептелген. Бұл №75, №84 және №85 мектептердің шамадан тыс жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жаңа мектептің жұмысымен танысу барысында «Әр бала мектепке лайықты» жобасының іске асырылуы таныстырылды. Мектеп-лицейде ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мақсатында инклюзивті кабинет ашылды.
Қоғам • 28 Қараша, 2019
Мақсат – парламенттік партия болу
Нұр-Сұлтан қаласында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының XVI есеп беру-сайлау съезі өтті.
Қоғам • 28 Қараша, 2019
Садақа беру мәдениетінің заманауи үлгісі
Нұр-Сұлтан қаласындағы Әлжан ана мешітінде «QIWI» электронды садақа терминалының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты.
Қазақстан • 28 Қараша, 2019
Ынтымақтастық жоспарына қол қойды
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымов, Қырғыз Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Дамир Сагынбаевпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 28 Қараша, 2019
Қарасұр бұлт түнде қар болып жауды. Таңертеңгілік Алатаудың ар жағынан жарқырап шаққан күнге шағылысып, жылт-жылт еткен ақ ұлпа қаладағы жұрттың көзін қызықтырып, тау бөктеріне қарай серуенге шақырғандай күлім қақты.