Ауыр атлетика • 04 Қараша, 2019
Бұл күндері Беларусьтің Гродно қаласында ауыр атлетикадан Alexander Cup халықаралық турнирі өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде қыздар арасында сынға түскен қазақстандық Екатерина Быкова жеңімпаз атанды.
Спорт • 04 Қараша, 2019
АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен жаңа маусымның шымылдығы түрілді. Аталған қалада әлем кубогының алғашқы кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Руханият • 04 Қараша, 2019
Қазақ топырағы талантқа кенде емес. Ал есімі елден асып, шартарапты шарлап кеткен шын мәніндегі құбылыс, біртуарлар сирек. Дара даусымен жер-дүниені дүр сілкінткен сондай санаулы таланттың бірі Ерік Құрманғалиев еді.
Кәсіпқой бокс • 04 Қараша, 2019
Кеше АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы әйгілі MGM Grand аренасында WBO нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақ дәрежесінің чемпиондық белбеуі үшін ресейлік Сергей Ковалев пен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек өтті.
Теннис • 04 Қараша, 2019
Қараша айында өтетін спорттық сайыстардың арасындағы ең ірісі – теннисшілердің Дэвис кубогы екені даусыз. Бұл жарыс биылдан бастап жаңа форматқа көшкені белгілі. Атап айтсақ, егер осы күнге дейін ең үздік 16 команда олимпиялық жүйе бойынша әлемнің әр қиырында бәсекеге түссе, биыл 18-24 қараша аралығында 18 мемлекеттің өрендері Испанияның бас шаһары – Мадридте бас қосады. Олар алты топқа бөлініп, өзара шеберлік байқасады. Әр топтың жеңімпазы мен екінші орын алғандар арасында ең жақсы нәтиже көрсеткен қос команда ширек финалға жолдама алады. Одан кейін жартылай финал және финал. Осылайша бір аптаға созылатын бәсекелер барысында бас жүлде кімге бұйыратыны анықталады.