Аймақтар • 28 Қараша, 2019
«Біз осы өңірге тұру үшін келдік» – дейді пәтер кілтін алған дәрігерлер
Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Қостанай ауданында ақ түйенің қарны жарылды десе болғандай. Аудан орталығы – Затобол кентіне тиіп тұрған Заречный ауылында қаладағыдай көпқабатты зәулім үйдің соңғы шегесі қағылып, тұрғындарға берілді.
Руханият • 28 Қараша, 2019
«Қызға қырық үйден тыйым» болуы керек-ақ!
Бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз балалардың тәрбиесі өзекті мәселеге айналып отыр. Әрине ешкім де перзентін жаман болсын деп тәрбиелемейді. Бірақ уақыттың ағымы, қоғамдағы түрлі жағдайлардың бәрі де адам санасына өзгеріс әкелмей қоймайды.
Қазақстан • 28 Қараша, 2019
Біраз жыл бұрын Американың Айова штатындағы, орталықтан 35 шақырым жердегі бір фермердің үйінде болдық. Маңайда жүгері жайқалып өсіп тұрды. Кезінде осы штатта КОКП-тың сол тұстағы бірінші хатшысы Никита Хрущев болып, жүгері өсіруден тәжірибе алмасқаны тарихтан белгілі. Өйткені Хрущев жүгері мен доңызды ерекше жақсы көріп, сүйсініп жейтін болған. Міне, сол фермердің үйіне барар жолда асфальт төселмеген, кәдімгі тақтайдай тартылған қара жол. Жеңіл көлік жүйткіп жүреді. Ал фермердің үйі еңселі. Кәдімгі біздегі байлар тұратындай. Фермер дегеніміз, жетпісті еңсерген екі қарт адам.
Экономика • 28 Қараша, 2019
Фермердің маусымдық табысы қанша?
Шаруалардың кооперативтерге бірігіп жұмыс істеуінің тиімділігі турасында мамандар жиі мәселе көтеріп жүр. Ұжымдасып еңбек етуге күмәнмен қарап жүргендерге қарағанда, білек сыбана іске кірісіп кеткен ұжымдар қомақты табыс таба бастады. Соңғы жылдарда жұмыс тәжірибесі жайын шаруалармен бөлісіп жүрген Алматы облысы Шелек ауданының фермерлері оңтүстік астанаға ат басын тіреп, көкөніс өсіру мен баптаудағы жетістіктерімен бөлісті.
Бизнес • 28 Қараша, 2019
Банк бизнеске, бизнес экономикаға сенбейді
Былтырдан бері бизнес ақшадан таршылық көріп отыр. Нақтырақ айтқанда, банктердің беретін несиесі азайып кетті. Дегенмен, бизнес субъектілерінің банктерге салған депозиті ай санап ұлғайып келе жатыр. Соған қарағанда кәсіпкерлердің «ақша жоқ» деуі Үкіметтен «арзан», кейде тіпті «тегін» ақша алу амалы ғана секілді.