Қоғам • 30 Қараша, 2024
Қазақстан халқына енді 112 арқылы діни экстремизм қаупі туралы хабарлама жолданады
Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру аясында енді Қазақстан азаматтарына діни экстремизм қаупі және мұндай әрекеттер үшін тағайындалатын жаза туралы SMS хабарламалар жолданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 30 Қараша, 2024
Ұлттық қор – балаларға: Жаңа жылда есепшоттарға қомақты қаржы түседі
Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов ұлттық қордың биылғы табысын жариялады. Соның тең жартысы 18 жасқа толмаған балаларға таратылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кітапхана • 30 Қараша, 2024
Кітапхана және жасанды интеллект
Биыл елімізде Жасанды интеллектіні дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Қазіргі күні жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар бүкіләлемдік деңгейде кітапхана саласында да берік орнығып, кеңінен қолданысқа еніп отыр. Мысалы, АҚШ-та «Газет навигаторы» небәрі 19 күннің ішінде 16 358 041 газет бетін өңдеп, жіктеді. Ал Ұлыбританияда «Хью» кітапхана каталогі сөйлей алуымен бірге басып шығарылған көшірмелердің орнын біледі, дыбыстық сұрауларды қабылдап, оқырманды қажетті кітап сөресіне бағыттайды.
Digital • 30 Қараша, 2024
Орталық Азиядағы стартаптардың мүмкіндігі
Астанада «TikTok» стартап академиясының 3.0 ашылу рәсімі өтті. Бұл бағдарлама Орталық Азия елдеріндегі стартап жобаларға «TikTok» платформасында өз бизнесін ілгерілетуге әрі жаңа нарыққа шығуға көмектеседі. Іс-шара барысында алдыңғы лекке қатысқан стартаптар таныстырылып, үздік жобалар анықталды.
Ұлттық спорт • 30 Қараша, 2024
«Көшпелілер мәдениетінің ұстыны – жауынгерлік өнері»
Елорда төрінде ұйымдастырылған V Дүниежүзілік көшпелілер ойынында өткізілген сайыстың бірі – «Жамбы ату» стилі. Бұған әлемнің 27 мемлекетінен келген 79 спортшы қатысты. Осылардың бірі – ат үстінде садақ атудан әлем чемпионы Алтан Нэргүй атты азамат. Бұл жігіт осы жолғы көшпелілер ойынында да олжалы болды. «Мажар» стилі бойынша өткізілген сайыста күміс медаль жеңіп алды. Таныса келе аңғарғанымыз, А.Нэргүй мырза тек мерген садақшы емес, ежелгі көшпелілер мәдениеті мен жауынгерлік өнерін зерттеп жүрген аса білімдар маман екен. Бұл жігіт 2011 жылы Ұлан-батыр қаласындағы Ұлттық университетті философия және дінтану мамандығы бойынша бітірген соң «Намнаа» («Садақ ату») атты клуб ашып, оны көшпелілердің қолданбалы өнері мен соғыс құралдарын зерттейтін академияға айналдырыпты. Өткен жылы ертедегі ғүн-түркі дәуірінен бастап, еуразиялық кеңістікте билік жүргізген Шыңғыс қаған ұлысы, одан кейін 1271-1368 жылдары өмір сүрген Юань империясы, 1368-1644 жылдары билік құрған Мин патшалығы, 1644-1912 жылдары ұлыс тізгінін шеңгелдеген Манжу-Цинь империясы тұстарында пайдаланған соғыс құралы – садақтың дамуы, жетілуі, өзгеру сатылары хақында зерттеп, көлемді кітап та жазған. Осы орайда танымал этнограф-зерттеушімен сұхбатты ұсынып отырмыз.