Жастар • 29 Қараша, 2023
Интернетті оқып жүр талай қазақ баласы...
«DataReportal» жаһандық сараптамалық платформасының биылғы статистикасына үңілсек, еліміздегі 18 миллионға жуық отандасымыз интернетті тұрақты пайдаланады. Әсіресе 12 мен 24 жас аралығындағы азаматтар TikTok пен Instagram-ды жиі қолданатын көрінеді. Ал осы жүйелердің тікелей эфирінде бақсы-балгер, құмар ойынды, жат ағымды насихаттайтындар өріп жүр. Желіде жеңіл пайда табуға шақырып, «аз ақшаңды көбейтуге көмектесемін» дейтіндер де баршылық. Қайтпек керек?
Өнер • 29 Қараша, 2023
Биыл Астанадағы Алматы ауданы ардагерлерінің «Елорда» халықтық қорының құрылғанына 15 жыл толды. Осыған орай аталған өнер ұжымының мерейтойлық концерті өтті.
Мирас • 29 Қараша, 2023
Көп мұра қоймада шаң басып жатыр
Қолөнерді коммерцияландыру, ұлт мұрасын көшпелілер өркениетінің жетістігі әрі табыс көзі ретінде нарыққа шығару ісі кенжелеп келеді. Мамандар зерттеулеріне сүйенсек, еліміздің бірқатар өңірі бойынша қолданбалы өнердің толық картинасын көре алмай отырмыз. Қолөнер бұйымдарын жасау технологиясы, мал терісін илеу, жүн түту, жіп иірудің ерекшеліктері, тіпті алаша тоқып, сырмақ басқан ісмерлер ісі ұмыт бола бастаған.
Зерде • 29 Қараша, 2023
Жітіқара өңірі бағзы тарихтың талай сырын бүгіп жатқаны анық. Өлкетанушы ғалымдар ежелгі Арқайым қалашығымен шектесетін Жітіқара маңында көне өркениеттің ізі бар екенін, сондықтан жүйелі археологиялық зерттеу жұмыстарына сұранып-ақ тұрғанын айтады. Мәселен, осы өңірдегі Жалтыркөлдің жағасында кезінде көшпелілердің көне моншасы болған деседі. Өлке тарихының білгірі, ардагер журналист Қуаныш Орманов ағамыз – осы моншаға түсіп көрген адам.
Тағзым • 29 Қараша, 2023
Ұлан-ғайыр қазақ даласының бір түкпірінде қоларбада отырып компьютерге үңілген, етпеттеп жатып арғықазақ мифологиясын зерттеген Серікбол Қондыбай есімі баршаға таныс. Таныс қана емес, есімінің өзі аңызға айналды. Өмірінің өзі мифке ұласты.