Ғылым • 29 Қараша, 2022
Зоотехник мамандығы келмеске кете ме?
Ежелден мал шаруашылығының мәселелерімен тікелей айналысатын негізгі екі мамандық – зоотехник пен мал дәрігері. Қазіргі заманда мал дәрігеріне сұраныс көбеймесе, азайған емес. Ол түсінікті. Өйткені мал ауырмай тұрмайды, шығын болып тұрады, оның алдын алу керек, емдеу керек. Ал зоотехник мамандығы бүгінде елеусіз қалды.
Қоғам • 29 Қараша, 2022
Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері кірді.
Елорда • 29 Қараша, 2022
Жастар – ел болашағы. Сондықтан бәсекеге қабілетті, дені сау ұрпақ қалыптастыру мәселесі қашанда назардан түспейді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жастар есірткіге қарсы! Біз саламатты өмір салтын қолдаймыз!» деген ұранмен өткен акция да соның дәлелі болса керек.
Қоғам • 29 Қараша, 2022
Заңгерлік кеңес: «24/7 жедел желі»
Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы мен «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігі «Тегін заң кеңесі» орталығының жұмысын қорытындылап, дөңгелек үстел өткізді. Соңғы алты айда орталық мамандарына өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, заң кеңесіне жүгінген қала тұрғындарының көбі алаяқтардың құрбанына айналғандар екен.
Руханият • 29 Қараша, 2022
Алматы қаласындағы Райымбек бабаның кесенесімен қапталдаса орналасқан Орталық зират ұлтымыз үшін қасиетті. Ресми деректерде Орталық зираттың тарихы өткен ғасырдың 20-жылдарынан басталатыны көрсетілген. Ал кейбір азаматтар мұнда 1870 жылдың шамасында мәйіттер жерленген дейді. Бұдан бөлек, Алматы қаласының тарихы мұражайындағы деректерде 1900 жылдан бастап, қазіргі Райымбек, бұрынғы Ташкент даңғылының оң қапталында қазақтың екі жарым ғасыр тарихы бар ескі қорымы болғанын, кейін оның қазіргі Орталық зират орналасқан жерге көшірілгені жазылған.