Қоғам • 29 Қараша, 2022
Заңгерлік кеңес: «24/7 жедел желі»
Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы мен «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігі «Тегін заң кеңесі» орталығының жұмысын қорытындылап, дөңгелек үстел өткізді. Соңғы алты айда орталық мамандарына өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, заң кеңесіне жүгінген қала тұрғындарының көбі алаяқтардың құрбанына айналғандар екен.
Руханият • 29 Қараша, 2022
Алматы қаласындағы Райымбек бабаның кесенесімен қапталдаса орналасқан Орталық зират ұлтымыз үшін қасиетті. Ресми деректерде Орталық зираттың тарихы өткен ғасырдың 20-жылдарынан басталатыны көрсетілген. Ал кейбір азаматтар мұнда 1870 жылдың шамасында мәйіттер жерленген дейді. Бұдан бөлек, Алматы қаласының тарихы мұражайындағы деректерде 1900 жылдан бастап, қазіргі Райымбек, бұрынғы Ташкент даңғылының оң қапталында қазақтың екі жарым ғасыр тарихы бар ескі қорымы болғанын, кейін оның қазіргі Орталық зират орналасқан жерге көшірілгені жазылған.
Таным • 29 Қараша, 2022
Елімізде 2019 жылы «Архив-2025» жетіжылдық бағдарламасы қолға алынып, алыс-жақын шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты істерден көшірмелер алына бастаған болатын. Өкінішке қарай, 2020 жылы әлемді әбігерге салған Covid-2019 бағдарламаны тоқтатып тастады. Араға екі жыл уақыт салып қана жұмыс жалғасты. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві Әлеуетті зерттеулер орталығының басшысы, тарих ғылымдарының докторы Светлана Смағұлова мен осы орталықтың аға ғылыми қызметкері Рашид Оразов 2022 жылдың 11-25 мамыр аралығында Ресей Федерациясының Саратов қаласы архивінде жұмыс істеген еді. Төменде осы сапарда табылған тың мәліметтерді оқырманға ұсынып отырмыз.
Руханият • 29 Қараша, 2022
«Тек өзім білем кеудеме қатқан берішті»
Ұлы даланың бір пұшпағы – Созақтың қасиетті топырағынан нәр алып, қазақ әлемінің рухани-мәдени өміріне өзіндік қолтаңбасын қалдырған, ұлтымызға олжа салған жақсылар мен жайсаңдардың ізгі жолын лайықты жалғап, өз есімін ел есіне талантымен, дарынымен таңбалаған оғландардың бірі – Қазақстанның Мәдениет қайраткері, ақын, журналист Төреғали Тәшенов.
Театр • 29 Қараша, 2022
Қостанайда қазақ театры ашылды
Ұлттық театрдың негізін қалаған Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыров сынды сахна саңлақтары туған топырақта тағы бір театр еңсе тіктеді. Қостанайдағы «Мирас» мәдениет үйінде өңірдегі тұңғыш жеке өнер ұжымы – «Таған» театрының тұсаукесері өтті.