Аймақтар • 29 Қараша, 2022
Көкшетау халқы да қобалжып отыр
Таяуда Екібастұзда жылу электр орталығында апат болуы салдарынан қала тұрғындарының қаншалықты зардап шегіп отырғандығын көкшетаулықтар жақсы түсінеді. Өйткені 90-жылдардың басында облыс орталығын жылумен қамтамасыз етіп тұрған қазандық істен шығып, қала инфрақұрылымы қыс ішінде қатып қалған.
Қоғам • 29 Қараша, 2022
Қоғам емі күрделі немесе айықпас дертке шалдыққан балалардың көңілін аулап, өмірге құштарлығын оятумен шектелмей, қолдан келгенше жәрдемдесуге әркез дайын. Мұның дәлелі, «Армандар орындалады» жобасы аясында демеушілер 3 пен 14 жас аралығындағы 110 баланың арман-мұратын орындады. «Қазақстан медицина жастары» қоғамдық бірлестігі қолға алған әлеуметтік жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығынан бөлінген грант арқылы үйлесімді іске асырылды.
Ғылым • 29 Қараша, 2022
Зоотехник мамандығы келмеске кете ме?
Ежелден мал шаруашылығының мәселелерімен тікелей айналысатын негізгі екі мамандық – зоотехник пен мал дәрігері. Қазіргі заманда мал дәрігеріне сұраныс көбеймесе, азайған емес. Ол түсінікті. Өйткені мал ауырмай тұрмайды, шығын болып тұрады, оның алдын алу керек, емдеу керек. Ал зоотехник мамандығы бүгінде елеусіз қалды.
Қоғам • 29 Қараша, 2022
Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері кірді.
Елорда • 29 Қараша, 2022
Жастар – ел болашағы. Сондықтан бәсекеге қабілетті, дені сау ұрпақ қалыптастыру мәселесі қашанда назардан түспейді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жастар есірткіге қарсы! Біз саламатты өмір салтын қолдаймыз!» деген ұранмен өткен акция да соның дәлелі болса керек.