Қазақстан • 28 Қараша, 2018
Халықтың әл-ауқатын арттырудағы нақты қадамдар
Еңбеккерлердің табысын көтеруге байланысты 2019-2021 жылдарда республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлініп, ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналатындығы, бизнесті өркендету, бизнес арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу тұрғысындағы басымдықтар республика халқының әл-ауқатын көтеруге бағытталған маңызды қадамдар болмақ.
Қазақстан • 28 Қараша, 2018
Барымызды бағамдау маңызды - Рафаэль Ниязбеков
Біздің дамуымыздың ең басты белестерінің бірі болған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының жариялануы және бұл бастаманың жалпыхалықтық сипатта қолдау табуы, жарқын болашаққа қадам басқан қазақстандықтар үшін айтулы оқиғалардың бірі болмақ.
Қазақстан • 28 Қараша, 2018
Жаңа тарих жалпыадамзаттық тұрғыда жазылса - Талас Омарбеков
Тарихымызда айтылуы, зерттелуі, жүзеге асуы тиіс бірқатар міндеттің Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрініс беруі менің көңілімді алабөтен аударып, қуантып отыр.
Қазақстан • 28 Қараша, 2018
SAT Subject Test-тен ең жоғары ұпай еншілеген Ақназар
Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Ақназар Қажымұрат халықаралық ACT мен SAT Subject Test-тен 36-36 ұпай жинады, яғни 2400 сұрақтың 2400-іне дұрыс жауап берген.
Қазақстан • 28 Қараша, 2018
«Тұңғыш» көшпелі экскурсиялық жоба басталды
Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Тұңғыш» көшпелі экскурсиялық жобаның тұсаукесер рәсімі өтті. Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен тұсауы кесілген жоба Мемлекет басшысының жасампаз идеялары мен бастамаларын, кітапхананың бірегей қорларын насихаттап, көрерменді Елбасы Н.Назарбаевтың өмір жолы және қызметімен таныстырады.