Кәсіпқой бокс • 30 Қараша, 2020
Сол қолдың соққысы сан соқтырды
Өткен сенбінің таңы қазақстандық спорт жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалықпен басталды. Кәсіпқой бокс шаршы алаңында өнер көрсетіп жүрген әйгілі отандасымыз Данияр Елеусінов АҚШ төрінде өзінің кезекті жекпе-жегін өткізіп, екі тұжырым бойынша әлемнің экс-чемпионы намибиялық Джулиус Индонгодан басым түсті. Данияр азулы қарсыласын жай жеңіп қана қоймай, екі раундта екі рет есеңгіретіп, техникалық нокаутпен тізе бүктірді.
Ғылым • 30 Қараша, 2020
Бітібаеваның атына бір көше бұйырмай тұр
Осы ұлт мүддесіне қатысты қандай да ой-пікір айтылса, кежегеміз кері тартып, суырып сала сан түрлі сылтау айтуға дайын тұрамыз? Неге екенін тағы қайдам, қалалық мәслихаттың отырысында Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Бітібаеваның атын өзі тұрған көше мен өзі басшылық жасаған гимназияға беру жөніндегі ұсыныс ысырылып қала береді.
Саясат • 30 Қараша, 2020
Дара дипломат, келіссөз кемеңгері
Тамыры талай мыңжылдыққа тереңдеп кететін Ұлы дала елі тарихында алғаш рет өз көшбасшысын бүкіл халық болып сайлаған 1991 жылдың 1 желтоқсанын – кезекті рет еске алып, Тұңғыш Президент күнін атап өтудеміз. Тоқтаусыз сырғи беретін уақыт ағымының сын-қатерлеріне төтеп беріп, жаңашылдықты қабылдап, үйлесімді ішкі және сыртқы саясатты жүргізіп келген Қазақстан тарих толқынында тұғырын нықтады.
Аймақтар • 28 Қараша, 2020
Бағдарлама көмегімен бизнес бастады
Қазалы ауданына қарасты Жанкент ауылының тұрғыны Шапағат Әбдуали тізбекті тор шығаруды қолға алды. Жеке кәсіпкер өз кәсібін бастап кету үшін мемлекеттік бағдарламаның көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қараша, 2020
Атырауда “Мемлекеттік қызметшілер” аллеясы ашылды
Атырауда 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Мемлекеттік қызметшілер» аллеясы ашылды. Шараға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.