Қазақстан • 01 Қараша, 2017
Бағдарлама барысы бағамдалып, жоспарлар бекіді
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кеше бес мәселе талқыланды. Атап айтсақ, индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы, Ақмола облысының Щучье-Бурабай курортты аймағын дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған жоспары және Астанада туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасы, кен өндіру өнеркәсібінде, көлік пен логистикада цифрлы технологияларды қолдану жайы, Астана аголмерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын бекіту мәселесі, сондай-ақ Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспары қаралды.
Қазақстан • 01 Қараша, 2017
Ел кемелденуіндегі елеулі кезең
Елбасының қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлығы тәуелсіз еліміздегі ең басты оқиғалардың біріне айналып отыр. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушы-профессорлары мен студенттері латын әліпбиіне көшу Қазақ елінің рухани жаңғыруындағы жаңа қадам екенін терең түсіністікпен қабылдап, барынша қолдауда.
Қазақстан • 01 Қараша, 2017
Латын қарпіндегі қазақ әліпбиі кезең-кезеңімен жүзеге асырылады
Орталық коммуникациялар қызметінде латын қарпіндегі қазақ әліпбиін кезең-кезеңмен енгізуге арналған баспасөз мәслихаты өтті. Оның жұмысына Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев және А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешев қатысты.
Қазақстан • 01 Қараша, 2017
Нью-Йорктегі террактіден зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ
Нью-Йорктегі терракт кезінде зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл жайында еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Əнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.
Қазақстан • 01 Қараша, 2017
Ұлттық рухты көтерудің маңызы зор
Еліміз егемендік алып өз алдына дербес өмір сүре бастаған жылдары мемлекеттің бар мақсаты халықты экономикалық тығырықтан алып шығу болды. Бар күш экономиканы дамыту, халықтың әлеуметтік әл-ахуалын жақсартуға арналды, ол бойынша түрлі ауқымды жобалар іске асты. Бүгінде шүкір, қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білдік, тұрақты даму жолына түсіп, толағай жетістіктерге жеттік. Бірақ бұл қоғамда рухани құндылықтардың екінші деңгейге түсіп, материалдық құндылықтың алдыңғы қатарға шығуына әсер етті. Осы тұста Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегі «темірді қызған кезінде соғу» болғаны даусыз.