Саясат • 30 Қараша, 2022
Парламент Сенатында еліміздің сот жүйесін реформалау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында осы саладағы ұлттық заңнамаға енгізілетін түзетулер және сот жүйесін реформалау бойынша құрылған жұмыс тобы атқарған істің қорытындысы талқыланды.
Үкімет • 30 Қараша, 2022
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қала мен ауыл оқушыларына бірдей жағдай туғызады
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында үш мәселе қаралды. Алдымен Екібастұз қаласын жылумен қамту мәселелері сөз болды.
Қаржы • 29 Қараша, 2022
Бизнеске несие беру: Кепіл саясатына қойылатын талап жеңілдетіледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл халыққа арнаған Жолдауында Үкіметке, Ұлттық банкке және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне экономиканың нақты секторына қолжетімді несие беруді қамтамасыз етуді тапсырған еді. Шыны керек, әсіресе, шағын және орта бизнестің несиені ыңғайлы әрі жеңіл талаппен ресімдеуіне жағдай жасау басты міндет болып тұр. Осы ретте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова экономикаға несие беруге байланысты негізгі сауалдарымызға жауап берді.
Экономика • 29 Қараша, 2022
Араб елдеріне қой еті экспортталады
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров пен «Al-Reef Al-Tholathy» атқарушы директоры Мұхаммед Нассер Алмукейриш Қазақстан мен Сауд Арабиясындағы азық-түлік өнімдерін өндіретін ірі компаниялардың бірімен ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Атап айтқанда, Араб кәсіпкерлерінің Қазақстанда құрылатын «Қой шаруашылығын дамыту қоры» жұмысына қатысу мүмкіндігі қарастырылды.
Экономика • 29 Қараша, 2022
«Egemen Qazaqstan» газетінде «Тоқыма өнеркәсібі тоқыраудан қашан шығады?» атты мақала (№208, 1 қараша 2022 жыл) жарық көрген болатын. Жарияланымда мақта дақылын өсіретін шаруалардың жанайқайы қозғалған еді. Біздің де айтпағымыз осы мәселе туралы.