Қазақстан • 28 Қараша, 2018
Қостанай облысында қуатты май зауыты ашылды
Федоров ауданында тәулігіне 50 тонна май сығатын қуатты зауыт ашылды. «Қаржау» шаруа қожалығы осыдан бірнеше жыл бұрын май зауытын ашып, онда неміс технологиясы бойынша салқын сығылған, тазартылмаған күнбағыс майын шығаратын.
Қазақстан • 28 Қараша, 2018
Дария Қожамжарова: Орталық Азияда ОҚМУ филиалын ашу –стратегиялық жоспарымыз
Жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беріп келе жатқан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті білім беру, ғылыми-зерттеу және халықаралық қызметтер бойынша айтарлықтай нәтижелерге жете отырып, жоғары оқу орындары арасында үнемі үздік үштіктің қатарынан көрініп келеді. Өз тарихындағы 75 жыл ішінде университеттің ғылыми-материалдық әлеуеті бәсекелестікке бейімделіп, келешекке, жаңа белестер мен жеңістерге нық қадаммен тәуелсіз еліміздің дамуына қомақты үлесін қосуда. Оқу орнының тарихын таныта түсіп, ертеңгі мақсатын айқындайтын мерейлі мерекелері қарсаңында осы оқу орнының ректоры, ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Педагогика ғылымдары академиясының академигі Дария ҚОЖАМЖАРОВАМЕН әңгімелескен едік.
Президент • 28 Қараша, 2018
Ан Сан Хун: Қазақ даласының жеті ерекшелігі атап көрсетілген еңбек
Әр халықтың тарихы өзінше құнды. Бір елдің өткені екіншісінен гөрі құндырақ деп айта алмаймыз. Әлем халықтарының ежелгі тарихынан, мәдениетінен қазіргі өркениет қалыптасты. Әр этнос бұған өзінше үлес қосты. Қазақстанның тарихы да бай әрі сан қырлы.
Қазақстан • 28 Қараша, 2018
Ассамблея жобасы Атырауда жалғасты
«Қазақтану» жобасын Қазақстан халқы Ассамблеясы халқымыздың рухани құндылықтары негізінде жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында қолға алған. Мәдени-ағартушылық жоба Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру аясында Атырау облысында жалғасты.
Қазақстан • 28 Қараша, 2018
Жауһар туындылар қазақ тілінде сөйледі
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі тармақтарының бірі саналатын «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының маңызы зор. Жобаны жүйелі жүзеге асыру мақсатында өткен жылы «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры құрылған болатын. Әзірге аударма жобасының алғашқы легінде 18 оқулық аударылып, әрқайсысы 10 мың данамен жарыққа шығып үлгерген. Алдағы уақытта қазақ тілінде сөйлеген тағы да 30 кітап оқырманға жол тартатын болады.