Аймақтар • 29 Қараша, 2023
Жылы жаққа қайта алмай қалған жыл құсын Қостанай ауданына қарасты Александров елді мекенінің тұрғындары ауыл маңындағы тас жолдың бойынан ұшырастырған. Бірқазан қазір Алтынсарин ауданындағы Силантьев ауылында, Арақарағай орман шаруашылығының қорықшысы Арыстан Әлімқожиновтың қолында. Орманшы құс қолға үйренсе, көктемге дейін бағамын деп отыр.
Қаржы • 29 Қараша, 2023
KASE: 30 жылдың жетістік тарихы
Теңгенің мерейтойынан екі күн өткен соң Қазақстан қор биржасы (KASE) да өзінің отыз жылдығын атап өтті. Бұл – тіпті де рәмізді емес, заңды сәйкестік. Себебі KASE биржасының іске кірісуімен ұлттық валютамыз толыққанды төлем құралына айналып, еліміздің қаржылық және экономикалық егемендігін қамтамасыз етті. Қазіргі таңда KASE посткеңестік кеңістіктегі биржалар арасында бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша 2-орынды, ал FEAS – Еуро-азия қор биржалары федерациясының акциялар нарығын капиталдандыру көлемі бойынша 4-орынды еншілеп отыр. KASE басқарма төрағасы Алина Алдамбергенмен Биржаның өткен жолы жайында ғана емес, оның егемен Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудағы рөлі туралы да әңгіме қозғауды жөн көрдік.
Өнер • 29 Қараша, 2023
Жақында Өзбекстанның Ә.Науаи атындағы мемлекеттік академиялық Үлкен театры бас қалаға гастрольдік сапармен келіп, «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетті. Тарихы бай театр ұжымы елордалықтарға опера мен балеттің үздік туындыларынан гала-концерт ұсынды.
Аймақтар • 29 Қараша, 2023
«Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап, Аспан қалай ашылмақ?» демекші, аға буынға қарап ауыз ашып, алақан жайып отырмай, жастардың тізгінді өз қолдарына алғаны көңіл қуантады.
Қоғам • 29 Қараша, 2023
Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған дәстүрлі «Мемлекеттік тіл және БАҚ-2023» байқауының жеңімпаздары белгілі болды.