Президент • 30 Қараша, 2022
Президент Франция Сенатының төрағасын Қазақстанға шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға жасаған ресми сапары аясында Франция Республикасының Сенатына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 30 Қараша, 2022
Конституциялық мәртебе берілді
Биыл бесінші қарашада Мемлекет басшысы жария түрде еліміз үшін маңызды 6 заңға қол қойған болатын. Сол құжаттардың бірі – «Прокуратура туралы» Конституциялық заң.
Қоғам • 30 Қараша, 2022
Заманауи өзгеріс ескерілуі тиіс
БАҚ туралы заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізетін уақыт жетті. Қазір қоғамда «Ұстаздар мәртебесі» анықталды. Дәрігерлерге қатысты да осындай заң жобасын енгізу қарастырылып жатыр. Журналист мәртебесі де заң жүзінде бекітілсе, артық болмайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев та пікірін білдірген болатын.
Қоғам • 30 Қараша, 2022
Қоғамда «Неге заңды өзгерте береді?» деген пікір жиі айтылады. Заман құбылған сайын заңдардың жаңа сипат алуы заңдылық. Оның ішінде БАҚ саласында да сәт сайын жаңашылдықтар болып жатыр. Бұл – әлемдік үрдіс. Өзгерістерге біздің заңдардың ілесіп жүруі – өмір талабы. Салада дұрыс заң қабылдайынбайынша жүйелі жұмыс жүргізіледі деу қиын. Қазіргі алмағайып заманда қоғамды жалған емес, нақты ақпаратпен қамтамасыз ету маңызды болып отыр. Оның артында ұлттық қауіпсіздік мәселесі тұр.
Қоғам • 30 Қараша, 2022
Жол құрылысына, оның сапасына қатысты мәселе күн тәртібінен түскен емес. Түспейтіні де анық. Өйткені біздің жолдардың сапасы сын көтермейді. Оны Дүниежүзілік экономикалық форум түзген арнайы рейтинг те растап отыр. Қазақстан жол сапасы бойынша рейтингке енген 137 мемлекеттің ішінен 93-орынға жайғасқан. Республикамыз мүмкін деген 7 ұпайдың 3,6-сын еншілепті. Кения, Танзания секілді елдердің өзі алдымызды орап кеткен. Осының өзі көп жайды аңғартып тұрса керек.