Саясат • 30 Қараша, 2020
Орталық сайлау комиссиясы Nur Otan, Adal «Ақ жол» және Қазақстан халық партиясы партиялары Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер кандидаттардың тізімін өткізгенін хабарлады.
Спорт • 30 Қараша, 2020
Әлемдік дода көрерменсіз өтуі мүмкін
Мәнерлеп сырғанаудан 2021 жылы Стокгольмде өтетін әлем чемпионаты бос трибуналарда өтпек. Ұйымдастырушылар пандемияға байланысты осындай жоспар құрып жатыр, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Саясат • 30 Қараша, 2020
Қай партияның асығы алшысынан түседі?
Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы келгенде еліміздегі саяси партиялардың белсенділігі қайта жандана бастады. Саяси партиялардың кейбірі атауын өзгертіп, жаңа құрамын жасақтап, науқанға бірнеше ай қалғанда қызметін жандандыра түсті. Мәжілістен мейлінше көп орын алғысы келетін партиялардың биылғы додаға әзірлігі қалай? Сайлауда қайсысының асығы алшысынан түседі? Шамамыз келгенше саралап көрелік.
Қазақстан • 30 Қараша, 2020
Бейбітшілік пен келісім саясатының символы
Елордалық Достық үйінде Тұңғыш Президент күніне арналған «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бірлік пен келісімді нығайту жөніндегі саясаты» тақырыбында ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Елбасы • 30 Қараша, 2020
Елімізде Тәуелсіздіктің алғашқы ақ таңы атқан тұстан бастап-ақ білім саласының өркендеуінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өлшеусіз еңбегі ерекше танылды. Әсіресе жоғары оқу орындарындағы білімді әлемдік деңгейге көтерудегі қамқорлық аясы ұшан-теңіз. Мен оған Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің элиталық білім алудағы алғашқы қадамын жасаған кезде куә болдым.