Үкімет • 27 Қараша, 2017
Сағынтаев ArcelorMittal компаниясының өкілдерімен кездесті
Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев компанияның вице-президенті Хавьер Лассо Пенаның басшылық етуімен ArcelorMittal өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Премьер-Министрдің сайты.
Президент • 27 Қараша, 2017
Мемлекет басшысы марқұм Анатолий Молодовтың отбасына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Анатолий Молодовтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 27 Қараша, 2017
Назарбаев Мұзафар Әлімбаевтың туған-туысқандарына көңіл айтты
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мұзафар Әлімбаевтың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 27 Қараша, 2017
Өскеменде бағасы қолжетімді баспаналар сатыла бастады
Өскеменде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру» бағыты бойынша салынған ең алғашқы көппәтерлі тұрғын үйді сату келісімшарты жасалды. Маңызды құжатқа «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы облыстық филиалының басшысы Нұрлан Күзембаев пен «Восток-Клио» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Вячеслав Тарнайкин қол қойды.
Бокс • 27 Қараша, 2017
Кәсіпқой бокс: Америкалық танымал бапкер Фредди Роуч қазақ боксшысын жаттықтырмақ ниетте
Кәсіпқой бокс тарихындағы ең танымал бапкерлердің бірі саналатын америкалық Фредди Роуч шымкенттік боксшы Мейіржан Піртаевты жаттықтырмақ ниетте. АҚШ-қа жуырда ғана қоныс аударған қазақ баласы Роучпен келісімге келсе, келер жылдың көктемінде кәсіқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізетінін айтты.