Әдебиет • 28 Қараша, 2021
Қыс күндері жауған қалың қарды көрсем, ақын Ұлықбек Есдәулетовтің «Қара пимасы» есіме түседі, жай түспейді, күллі оқиғасымен көз алдыма келіп тізіле қалады. Анадайда «Пимамды менің қайтар» деп жылап тұрған қара бала елестейді. Мүмкін, бұл өміршең шығарманың мәңгілік қуаты шығар?! Мен осы «Қара пима» термесін алғаш рет тыңдағанда, аппақ күртік қарда етпеттеп жылап жатқан баланы жалғыздық деп пайымдадым. Әрине, сол да. Анасы қайтыс болды, әкесі теріс айналды, жанына жылу беретін қара пимасы араққа сатылды, енді ол жалғыздық емей немене?
Бизнес • 28 Қараша, 2021
Ұлттық банктің бизнеске араласпағаны жөн
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) қарашаның 4-і мен 17-сі аралығында Қазақстанда кезекті консультациялық раунд жүргізіп, соның қорытындысына арналған брифинг өткізді. Жиын барысында қор миссиясының басшысы Николя Бланше Ұлттық банктің 2023 жылдан бастап бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардан шыға бастауын құптайтынын аңғартты. Сондай-ақ қор өкілдері кәсіпорындардың жекешеленуі, бәсекелестікті қолдауға бағытталған тәуелсіз агенттік құру мәселесіне орай да пікір білдірді.
Әлем • 28 Қараша, 2021
Ғұмыры қысқа ең қымбат телескоп
Келесі айда НАСА әлемдегі ең қымбат James Webb ғарыш телескопын аспан әлеміне аттандырады. Бұған дейін аталған құрылғыны жеті қат көкке жіберу бірнеше рет кейінге шегерілген еді. Ақыры James Webb алыстағы галактикалар мен жұлдыздарды бақылауға дайын болды.
Әдебиет • 28 Қараша, 2021
Ұлт руханияты кез келген мемлекеттің қалыптасуы, дамуы жолында айрықша маңызға ие. Әлемдегі алпауыт елдерді алып қарасақ, қуатты экономикасынан бөлек мәдени-әдеби ахуалы да қоғамның негізгі күшіне айналған. Отыз жыл бұрын Тәуелсіздігін жариялап, шекарасын шегендеген Қазақстанның да бүгінгідей дәрежеге жетуіне Тұңғыш Президенттің басқа салалармен қатар әдебиет пен өнердің дамуына байланысты жүргізген саясаты мен қолдауы септігін тигізгені анық.
Тәуелсіздік • 28 Қараша, 2021
Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу – ұлы арман. Дүние жүзінде алты мыңға жуық ұлт пен ұлыс бар екен. Солардың ішінде екі жүздей ұлт қана тәуелсіз мемлекет болып отыр. Тәуелсіздік біздің де асыл арманымыз еді. Осы тәуелсіздік жолында мыңдаған ата-бабамыз шейіт болды. Міне, сол аңсаған егемендікке қолымыз жетті. Тәуелсіздікті қабылдаған Қазақстан Жоғарғы Кеңесі XII шақырылымының депутаты болдым. 1991 жылдың 16 желтоқсаны, сағат 18:00-де тәуелсіздік жарияланған сәтке куәмін.