Зерде • 29 Қараша, 2023
Жітіқара өңірі бағзы тарихтың талай сырын бүгіп жатқаны анық. Өлкетанушы ғалымдар ежелгі Арқайым қалашығымен шектесетін Жітіқара маңында көне өркениеттің ізі бар екенін, сондықтан жүйелі археологиялық зерттеу жұмыстарына сұранып-ақ тұрғанын айтады. Мәселен, осы өңірдегі Жалтыркөлдің жағасында кезінде көшпелілердің көне моншасы болған деседі. Өлке тарихының білгірі, ардагер журналист Қуаныш Орманов ағамыз – осы моншаға түсіп көрген адам.
Тағзым • 29 Қараша, 2023
Ұлан-ғайыр қазақ даласының бір түкпірінде қоларбада отырып компьютерге үңілген, етпеттеп жатып арғықазақ мифологиясын зерттеген Серікбол Қондыбай есімі баршаға таныс. Таныс қана емес, есімінің өзі аңызға айналды. Өмірінің өзі мифке ұласты.
Тарих • 29 Қараша, 2023
Әсет ақынды фотоға түсірген кім?
Қазақтың ән өнерінде айрықша орны бар тұлғаның бірі – Әсет Найманбайұлы. Музыка өнерін зерттеуші, академик Ахмет Жұбанов 1963 жылы жарық көрген «Замана бұлбұлдары» атты монографиясының 262-бетіне тарихта тұңғыш Әсет Найманбайұлының фотосын жариялаған екен. Одан кейін қазақ әдебиетінің белді өкілі, балалар жазушысы Сапарғали Бегалин «Мәдениет және тұрмыс» журналының 1977 жылғы желтоқсан айындағы санына «Әнші Әсет» атты мақаласымен бірге жоғарыдағы фотоны екінші рет жаңғыртып жариялапты. Қазіргі таңда жаппай қолданыста жүрген Әсет ақынның фотосының түп негізі осы. Бұл күндері ақын бейнесі компьютерлік мүмкіндіктер арқылы өңделіп, көркем түрлендіріліп тарап жүр.
Өнер • 29 Қараша, 2023
Қазақ қылқалам өнерінің бүгінгі бастауында тұрған көшбасшы тұлғаларының бірі Амандос Ақанаев буырқанған боялар әлемінде «көшпелілер жылнамашысы» атанған. Заманауи сурет өнеріндегі түрлі техниканы бір кенептің үстінде үйлесімді түйістіре білетін шебердің шығармашылығы ұлттық нақышқа бай бірегей стилімен ерекшеленеді.
Таным • 29 Қараша, 2023
Ақтөбеде ғұн археологиясы мәселелеріне арналған «Халықтардың ұлы қоныс аударуы қарсаңындағы далалық тайпалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конферения өтті. Ә.Марғұлан атындағы Археология институты мен Ақтөбе облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесе ұйымдастырған жиында ғұн кезеңі талқыланды. Ғұндар дәуірі – Қазақстан тарихының ақтаңдағы, осы кезге дейін тарихшыларымыз сол заманды халықтардың ұлы қоныс аудару кезеңі деп жеткілікті зерттемей келді. Жыл санауымыздың алғашқы бес ғасырында қазақ даласында сақ-сармат тайпаларымен бірлесе күшті одақ құрып, Қара теңіз, Кавказ, Қырымнан асып, Шығыс Еуропаға дейін империя құрған ғұн тайпаларының ескерткіштері қазақ даласының барлық аймағынан табылып жатыр. Соның алдыңғы қатарында Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы Сорлақмола обасы мен Маңғыстау облысындағы ғұндардың Қарақабақ порты және Алтынқазған қоныстары тұр.