Пікір • 29 Қараша, 2022
«Қазақта «аманат» деген асыл ұғым бар. Халқымның сенімі – маған аманат. Осы аманатқа адал болу – мен үшін қасиетті парыз. Ел үмітін ақтап, Қазақстанды өркендеген, бақуатты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын». Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзі.
Пікір • 29 Қараша, 2022
Шекарадағы ауылдарға назар аударылса...
Шекара – мемлекеттің қақпасы. Ал шекарада орналасқан ауылдар елдің айнасы іспетті. Демек Үкімет ауылдарды өркендетуге байланысты бес жылдық бағдарлама әзірлегенде алдымен шекарадағы елді мекендердің инфрақұрылымын, тұрғындарының әлеуметтік тұрмысын жақсартуға баса мән бергенін қалар едім.
Пікір • 29 Қараша, 2022
Сайлаушының сенімі – халықтың сенімі. Сайлау нәтижесін өз халқының бағасы әрі батасы деп қабылдай отырып, барлық азаматтың шынайы қолдауымен Қасым-Жомарт Тоқаев жеті жылдық мерзімдегі президенттік қызметіне кірісті.
Пікір • 29 Қараша, 2022
Бірлікті талап ететін тұжырымдама
Ұлықтау рәсімінен кейін ресми түрде Президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ бәрімізге сын екенін, Үкіметке ауыл бағдарламасын дайындау туралы тапсырма беретінін, бағдарламаның орындалуын өзі бақылауға алатынын айтты.
Пікір • 29 Қараша, 2022
Отандық тұқымның өрісін кеңейтсек
Ауылды түлету үшін әуелі кадр тапшылығын жоюымыз керек. Мемлекет агробизнес өкілдеріне миллиардтап қаржы беріп, оларды ауыл шаруашылығына арналған шетелдік қымбат техникамен жарақтандырып жатыр. Енді сол кәсіпкерлер бұл жақсылықтың өтеуі ретінде ауылдарға жастарды көптеп тартып, олардың бар жағдайын жасауы керек.