Спорт • 28 Қараша, 2019
Дзюдошылар «Мастерс» турниріне даярлануда
12-14 желтоқсан аралығында Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан жылдың қорытынды жарысы – «Мастерс» турнирінің жалауы желбірейді.
Қазақстан • 28 Қараша, 2019
Педагогтардың жалақысы 25%-ға көбейеді
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бойынша кеңейтілген отырыс болып өтті. Жиынға Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов қатысты.
Қоғам • 28 Қараша, 2019
ҰҚШҰ ЖҚК сессиясында толық түсіністікке қол жеткізілді
Шағын құрамдағы отырыста мүше мемлекеттер сындарлы әрі сенімді сипатта бірқатар мәселелерді қарастырып, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке қатысты ашық талқылау өткізді. Ұйымға төрағалық жасаған мемлекеттің басшысы Сооронбай Жээнбеков бұл туралы пленарлық атап өтіп, ҰҚҰШ сессиясының күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша толық түсіністікке қол жеткізілді.
Аймақтар • 28 Қараша, 2019
Жамбылдық полицейлер бірқатар кемшілікті анықтады
Қоғамда бүгінде мал ұрлығы, сонымен қатар адамдарды еңбекке заңсыз жегу сияқты мәселелер өте өзекті. Сондықтан Жамбыл облыстық Полиция департаменті мал ұрлығының алдын алу және жедел жағдайды жақсарту мақсатында өңір бойынша «Қашар» іс-шарасын ұйымдастырды.
Қазақстан • 28 Қараша, 2019
Латын әліпбиін енгізу – еліміздің білімді жастарының қатарының көбеюіне, сол дарынды жастарымыздың әлем елдерінің жастарымен иық тірестіре отырып шыңдалуына қолдау көрсету. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Еуразия гуманитарлық институты бас ғимаратының мәжіліс залында «Латын графикасына көшіру үдерісіндегі жастардың рөлі» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.