Қазақстан • 28 Қараша, 2017
Астана әкімі: Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күнінен соң басталады
Елордада желтоқсандағы мерекеге орай қаланы безендіру тәртібі бекітілді. Соған сәйкес Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күнін мерекелегеннен кейін басталады. Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев қалалық әкімдікте өткен аппарат жиналысында мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Қазақстан • 28 Қараша, 2017
Алматыда Мемлекеттік Күзет сарбаздары ант қабылдады
Биылғы жыл еліміздің Мемлекеттік күзет қызметі үшін мерейлі жыл. Себебі, МКҚ ізашарлары – Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі мен Республикалық ұланның құрылғанына 25 жыл толып отыр. Ширек ғасыр бойы өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан құрылым қатары биыл да жас сарбаздармен толықты.
Қазақстан • 28 Қараша, 2017
Дариға Назарбаева Испанияның сенаторымен кездесті
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева «Жаңа жаһандық жағдайдағы жаңғырудың қазақстандық үлгісі» халықаралық парламенттік конференцияға қатысу үшін Қазақстанға келген Испания Корольдігі Сенаты Конституциялық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы Хуан Хосе Лукас Хименеспен кездесті.
Қазақстан • 28 Қараша, 2017
Олжас Сүлейменов Жапонияның «Күншығыс елі» орденімен марапатталды
Қоғам қайраткері, «Невада-Семей» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыс президенті Олжас Сүлейменов Жапонияның «Күншығыс елі, гүлөрнекті Алтын шуақ» орденімен марапатталды.
Қысқы спорт • 28 Қараша, 2017
Қысқы Олимпиадада Кореяның бұрынғы спортшысы Қазақстан намысын қорғайды
Оңтүстік Кореяның бұрынғы азаматы Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғайды, деп хабарлайды Хабар 24.