Мәдениет • 28 Қараша, 2025
Астанада сазгер Дулат Айтжановтың шығармашылық кеші өтті
Еліміздегі Композиторлар одағының мүшесі, сазгер, ҚР Мәдениет саласының үздігі, республикалық ән байқауларының жүлдегері, биыл ғана 45 жасқа толған Дулат Айтжановтың ән кеші өтті. Ақтөбелік сазгердің кеші батыр қыз Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай «Әлия – дастан» деп аталды. Елордадағы концерт аншлагпен өтті.
Экономика • 28 Қараша, 2025
Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме туралы шешімінен кейін доллар күрт арзандады
Бүгін Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18% деңгейінде сақтау туралы шешімін жариялады. Осы қадамнан кейін АҚШ ақшасы 4,25 теңгеге арзандады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Ғаламдық қатерлер жағдайындағы биологиялық қауіпсіздік талқыланды
Астанада осы айдың 27-28 күндері «QazBioPharm» ұлттық холдингі ұйымдастырған «Биологиялық қауіпсіздік жаһандық қатерлер жағдайында: қарсы іс-қимылдың ғылыми-технологиялық тәсілдері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға Қазақстан, Қытай, Ресей, Франция елдерінің ғалымдары мен ветеринариялық сала мамандары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 28 Қараша, 2025
Өңірлердегі кадр тапшылығы мәселесі қалай шешіледі?
Бүгін Астана қаласындағы «Конгресс орталығы» ғимаратында Мемлекет басшысының қатысуымен «Ауыл әкімдерінің диалог алаңы» тақырыбында республикалық форум өтті. Форум аясында «Клиентке бағдарланған сервистік мемлекеттік қызмет: диалог, кәсібилік, ашықтық» тақырыбындағы арнайы панельдік сессия ұйымдастырылып, жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқарудың сапасын арттырудың түйткілді мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Швейцария вице-президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның Астанаға сапары екіжақты күн тәртібіне тың серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.