Футбол • 28 Қараша, 2019
Футбол: Чемпиондар лигасының плей-офф додасына жолдама алған сегіз команда анықталды
Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының бесінші тур ойындарының қорытындысы бойынша Испанияның «Барселонасы» мен Германияның «Лейпциг» клубтары плей-оффқа жолдама алды.
Қазақстан • 28 Қараша, 2019
Әскери дәрігерлер жедел емдеудің жаңа әдісін қолданды
Қазақстан Республикасының ҚМ Бас әскери клиникалық госпиталі травматологиялық бөлімінің дәрігерлері алғаш рет Нұр-Cұлтан қаласында әскери қызметшіге тізе буынының патологиясын жаңа әдістеме бойынша жедел емдеуді жүргізді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 28 Қараша, 2019
Қазақстанда тұңғыш пікірсайыс федерациясы құрылды
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстан Пікірсайыс федерациясы» ресми түрде таныстырылды.
Аймақтар • 28 Қараша, 2019
Түркістан: Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 7047 арыз түскен
Түркістан облысында жыл басынан бері барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары – «Nur Otan» партиясының фракция мүшелері түрлі мәселелер бойынша 637 жеке қабылдау жүргізіп, 1241 азаматтың мәселелері қаралған. Ал 10 айда партия филиалдарының 17 қоғамдық қабылдау бөлмесіне 7047 арыз түсіп, оның 3297-і (46,7%) оңтайлы шешілген. Басшылар тарапынан көзбояушылық пен сырғытпа жауапқа жол берілмеуі үшін қабылдаулар әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы көрсетілуде. Бұл туралы Түркістанда өткен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының активінде айтылды.
Күрес • 28 Қараша, 2019
Күрес: Қос балуанымыз Мәскеуде күш сынасады
Бүгін Ресей астанасындағы Ирина Винер-Усманова атындағы спорт кешенінде күрес түрлерінен «Мәскеу Гран-приі» деп аталатын халықаралық турнир басталды.