Аймақтар • 28 Қараша, 2018
Жетісу өңірінің табиғи ерекшелігі баламалы энергия көзін өндіруге мүмкіндік береді
Жетісу өңірінің табиғи ерекшелігі баламалы энергия көзін өндіруге мол мүмкіндік береді. Бұл өлкеде арынды өзен суынан қуат алу үрдісі дәстүрге айналған. Мәселен, аймақты электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған Қапшағай ГЭС-інен бөлек, Мойнақ, Лепсі, Көксу өзендерінен де қуат өндіретін шағын стансалар салынып, елді мекендер мен өндіріске қажетті энергия алу жолға қойылған. Мұнан бөлек облыста жел мен күн энергиясын игеріп, қалыпқа келетін қуат көзін өндіру бағытында бірқатар жоспар жасалды. Бұл бағыттағы істің көшбасында Қапшағай қаласының маңында салынып жатқан күн электр стансасының құрылысын айтуға болады.
Президент • 28 Қараша, 2018
Мемлекет басшысы Қазақстанның VIII Азаматтық форумына қатысты
Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың бірлігін нығайту және елімізді орнықты дамыту жолында мемлекет пен қоғам арасында ашық диалог орнатудың маңыздылығын атап өтті, деп хабаралайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 28 Қараша, 2018
Академик Төрегелді Шармановтың өмір жолы туралы кітап таныстырылды
Алматыда Ұлттық кітапханада ҚР ҰҒА академигі Төрегелді Шармановтың «Қас-қағым» кітабының таныстырылымы өтті.
Аймақтар • 28 Қараша, 2018
Жамбыл облысында айналма жолдың екінші жағы пайдалануға берілді
Жуырда «Қордай асуын айналып өту» учаскесінің 162-260 шақырым аралығындағы жалпы ұзақтығы 80 шақырымды құрайтын жаңа жолдың екінші жағы пайдалануға берілді.
Аймақтар • 28 Қараша, 2018
Халықаралық «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесі ашылды
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні қарсаңында Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің қолдауымен Сүлеймен Демирел университетінде «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесі ашылды.