Үкімет • 10 Қараша, 2018
Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде Комитет пен оның аумақтық бөлімшелері басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді, деп хабарлайды Ұлттық экононмика министрлігінің баспасөз қызметі.
Үкімет • 10 Қараша, 2018
Қ. Әбдірахманов Қытайдың Қазақстандағы жаңа Елшісімен кездесті
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ҚХР-дың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяоны қабылдады және дипломаттың қызметіне жақында кірісуімен құттықтай отырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті алға жылжытуда табыстар тіледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасы.
Ақтөбе • 10 Қараша, 2018
Ақтөбе мен Челябі ынтымақтастық туралы келісімге келді
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ресей Федерациясының Челябі облысының губернаторы Борис Дубровский «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен тенденциялары» XV халықаралық ынтымақтастық форумы барысында меморандумға қол қойды. Екі ел басшылары қатысқан шара Петропавлда өтті, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 10 Қараша, 2018
Ақтөбелік кәсіпкерлер Петропавлдағы өңіраралық форумда
Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен тенденциялары» XV халықаралық ынтымақтастық форумы басталды. Ауқымды шараның жұмысы екі елдің қырықтан аса жəдігері қойылған туристік көрмемен ашылды.
Мақтааралдың мерейтойы аясында өткен спартакиада өз мәресіне жетті
Мақтааралда ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында спорттың 5 түрінен өткен «Ұландар достығы ұлт бірлігіне ұласады» атты спартакиада ойындары өз мәресіне жетті. Аудандағы этномәдени орталықтарынан құралған командалар кіші футбол, волейбол, арқан тартыс, үстел теннисі, армрестлингтен жарысып, жеңімпаздар анықталды. Спартакиаданың марапаттау рәсіміне аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы қатысып, жеңімпаздарды марапаттады, деп хабарлайды Мақтаарал аудан әкімінің баспасөз қызметі.