Руханият • 19 Қараша, 2020
«Социалистік Қазақстан» газеті ұжымы үшін (қазіргі «Egemen Qazaqstan») 1973 жылдың бірінші жартысы өте ауыр болды. Біразға созылған науқастан айыға алмай редакторымыз Ұзақ Бағаев қайтыс болды. Қазақ қауымын қатты шайқалтқан бұл қазадан сәл бұрын сол Ұзақ ағаның бірінші орынбасары қызметіндегі Сапаржан Хайдаров дүниеден өтті. Осылайша жарты жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде екі бірдей басшысынан, қазақтың екі мықты қаламгерінен, аяулы азаматтарынан айырылып қалған үлкен газет ұжымы жетімсіреп-ақ қалдық.
Театр • 19 Қараша, 2020
Өзбек драма театры жаңа маусымын ашты
Шымкентте қалалық өзбек драма театры XVIII маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мәдениет ошағына биыл қалалық бюджеттен 129 807,0 мың теңге, оның ішінде 1974 жылы салынған ғимаратты ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 32 884,0 мың теңге бөлінген болатын.
Кино • 19 Қараша, 2020
Отандық анимация тың жаңалықтар күтеді
Кеңестік дәуірден бастау алған қазақ анимациясы осы күнде кеңінен қанат жайып, қалың көрерменнің көзайымына айналды. Бүгінгі әлеуметтің цифрлы нарыққа бейімделіп, сапалы әрі танымды дүниелердің жарыққа шығуына жол ашылды. 1967 жылы алғашқы қадамын жасаған мультипликация өнеріне биыл 53 жыл толып отыр. Әрине, қазақ анимациясы дегенде Әмен Қайдаровтың телеарна тарихындағы өлшеусіз еңбегін еске аламыз. Қазір сол игі дәстүрді кімдер жалғастыруда? Маңдай термен келген еңбек тиісті бағасын алып жүр ме? деген секілді сұрақтарды қал-қадірімізше зерделеп көрелік.
Саясат • 19 Қараша, 2020
Ортақ мәселелердің кең ауқымы қаралды
Кеше Қазақстан Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев бейнеконференция форматында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының VIII отырысына қатысты, деп хабарлады Ақорда сайты.
Білім • 19 Қараша, 2020
Онлайн оқытудың олқы тұсы қайсы?
COVID-19 пандемиясы адамзаттың өмір сүру қағидаларына көп өзгеріс әкеліп, цифрлы дәуірдің маңызды кезеңі бірден басталып кеткен сияқты. Білім саласына айтарлықтай сынақ болып жатқан қазіргі қысылтаяң шақ ЖОО жүйесіндегі оқытушының рөлін өзгертті. Ол енді студенттердің жауапкершілігін арттыруға атсалысатын, арнайы ресурстармен қамтамасыз етуге тырысатын, оларды ынталандыруға жұмыс істейтін тәлімгерге айналды.