Өнер • 12 Қараша, 2018
Халқымыздың саф ауадай кіршіксіз төл жауһарларын кейде эстрадаға түсіреміз деп, «Жібекті түте алмаған жүн етедінің» керіне тап болатындар бар. Әйтсе де бұл сын музыканттың бәріне қатысты емес. Бұл ретте біз ұмыт болып бара жатқан музыкалық аспаптар мен халықтық шығармаларды көне мен жаңаның синтезі арқылы жаңғыртып түрлентуге атсалысып жүрген «Белес» этно-фольклорлық тобының орындаушылық мәнерін айрықша атап өткіміз келеді. Төменде «Шабыт», Құрманғазы атындағы республикалық байқаулардың жеңімпазы, Президенттік стипендияның екі мәрте иегері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Белес» тобының мүшесі, қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әсел НҮРКЕНОВА осы және өнердің басқа да өзекті қырлары туралы ойымен бөліскен еді.
Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negizdelgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.
Қазақстан • 12 Қараша, 2018
«Болашақ» – бағыты айқын бағдарлама
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясының 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Қазақстан • 12 Қараша, 2018
Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастығы: Туризмді дамытуға тың серпін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Петропавл қаласында өткен ХV өңіраралық ынтымақтастық форумның пленарлық отырысына қатысты. Екі елдің басшылары қазақстандық және ресейлік компаниялардың өтімді туристік өнімдері қойылған көрмені аралап, бүгінде бәсі биік саналатын саланың тартымдылығы мен танымалдылығын арттыруға септесетін озық жобалармен танысты.
Ауыр атлетика • 11 Қараша, 2018
Әлем чемпионатында Қазақстанның ауыр атлеттері қос жүлде алды
Түркіменстанның бас шаһары – Ашхабадта аяқталған әлем чемпионатын Қазақстанның ауыр атлеттері қос жүлдемен қорытындылады. 55 кило салмақта өнер көрсеткен Арли Чонтей күміс медальді иеленсе, 71 кило салмақтағы Надежда Лихачева қола жүлдеге қол созды. Жалпы командалық есепте жерлестеріміз 13 орынға тұрақтады.