Руханият • 28 Қараша, 2025
«Тайталас тағдыр» кітабы таныстырылды
Алматыдағы Ұлттық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі, Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұловтың «Тайталас-тағдыр» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қараша, 2025
Президент әлем біріншіліктерінде топ жарған жас шахматшылармен кездесті
Кездесуге 8 жасқа дейінгі санатта әлем чемпиондары атанған Әдинұр Әділбек пен Алиша Бисалиева, 12 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы болған Данис Қуандықұлы, 14 жасқа дейінгі санатта әлем біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінген Марк Смирнов, 16 жасқа дейінгі санат бойынша әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Эдгар Мамедов, 16 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем біріншілігінің күміс жүлдесіне қол жеткізген Сауат Нұрғалиев қатысты, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 28 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті қабылдады
Кездесуде Мемлекет басшысы Ұйымның Қазақстан шахмат федерациясына, жаттықтырушылар мен жас спортшыларға көрсеткен қолдауын жоғары бағалады, деп хабарлайды Ақорда.
Аймақтар • 28 Қараша, 2025
Кәсіпкерлер Абай ауылындағы мектептің едені мен терезесін жаңартып берді
Қарқаралы ауданының Абай ауылында туып-өскен кәсіпкерлер «Туған жерге тағзым» жобасы аясында туған өлкесін қолдауды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Natige компаниясының басшысы Ерлан Әшім мен Toi Grand мейрамханасының иесі Ербол Қайса ауылына жыл сайын көмек береді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қараша, 2025
Ақтауда ТҮРКСОЙ елдерінің мәдениет министрлері бас қосты. Қандай мәселе талқыланды?
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жетекшілігімен Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті. Жиында Әзербайжандағы Габала қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитінде жарияланған қорытынды құжаттар мен ТҮРКСОЙ елдері президенттерінің тапсырмалары талқыланды, деп жазады Egemen.kz.