Аймақтар • 30 Қараша, 2022
Демографиялық дисбалансқа, аймақтардың арасындағы тепе-теңдікке ден қойған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының ұғынғанға ұлт үшін мәні аса зор. Ұлтқа қатысты осындай ұлы мақсатты көздеген жобаның іске асу мерзімі – 2025 жылға дейін. Жоба мемлекет тарапынан оңтүстіктен солтүстікке өз қалауымен тұрғындардың көшіп келуіне жағдай жасайды.
Қоғам • 30 Қараша, 2022
Биылғы тоғыз айда Қазақстаннан 20,3 мың адам өзге елдерге қоныс аударған. Ал осы аралықта елімізге 11 мың адам келген. Бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 51,7 пайызға артық. Қандас мәртебесін алғандардың саны да өткен жылдармен салыстырғанда басымырақ. Қазір мемлекет ұлы көшке баса назар аудара бастады. Өйткені 2025 жылға дейін Ұлттық жоспарға сәйкес атамекенге 80 мыңдай шетте жүрген қандасты қайтару күн тәртібінде тұр.
Экономика • 30 Қараша, 2022
1 трлн теңгенің өнімін өндірді
Солтүстік Қазақстан облысының жұртшылығы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің күнін С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драмалық театрының жаңа ғимаратында атап өтті. Ауылдан көп шыға қоймайтын диқандар мен малшылардың жүзі жадыраңқы. Өйткені биылғы жаз бен күз шаруаға жайлы, табысты болды.
Қаржы • 30 Қараша, 2022
Биылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша, екінші деңгейлі банктердің жиынтық табысы 899,6 млрд теңге болды. Бұл былтырғы табыстан 25,4 млрд теңгеге аз. Табыс көлемі бойынша көш басында – Halyk Bank. Жалпы табысы – 400,6 млрд теңге, былтырдан бері 70,2 млрд теңге қосқан. Екінші орында – 256,6 млрд теңге жиған Kaspi Bank. Табысы былтырдан бері 28,4 млрд теңгеге өскен. Үштікті «Банк ЦентрКредит» қорытындылайды – 127,2 млрд теңге. Бір қызығы, былтыр осы кезеңде БЦК табысы небәрі 10,7 млрд теңге болған.
Пікір • 30 Қараша, 2022
Қазір әлемде жаһандық жойқын жаңғырулар болып жатқаны жасырын емес. Шынтуайтында, үшінші дүниежүзілік соғыстың салқыны да, ызғары да сезіледі. Украина аспанын ыдырау мен ымырасыздықтың қара бұлты торлап тұр. Жүз мыңдаған босқындар үмітсіздіктен Ресейді тастай қашып, шартарапқа шашырап, үдере көшуде.