Қазақстан • 12 Қараша, 2018
Тараздағы шағын аудан мәселесі шешімін тауып келеді
Осы жылғы 5 тамызда газетіміздің №147 санында Тараз қаласына қарасты бірқатар ауыл мен саяжай алқаптарында көгілдір отын, қоғамдық көлік, көше атаулары және жол мәселесін көтерген «Шағын ауданның шындығы» атты материал жарияланған болатын. Осы мәселеге орай Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов жиын өткізіп, тиісті басшыларға шағын аудандағы мәселелерді шешу үшін тапсырма берген еді. Нәтижесінде Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай хат жолдап, мәселелердің ретімен шешіліп келе жатқанын айтты.
Аймақтар • 12 Қараша, 2018
Алты ай бойы сақылдаған сары аязы буып тұратын Арқадағы ең өткір мәселенің бірі – қыстан қысылмай шығу. Қысқа дайындықтың қам-қарекеті өзге салалар тәрізді білім беру саласы басшыларының бас ауруына айналғалы қашан. Енді міне, бұрынғы қалыптасқан жүйеден ішінара бас тартып, тиімділігі мол жаңашыл әдіске біржола көшпек.
Аймақтар • 12 Қараша, 2018
Қарағандыда «Мутлу Экспорт» зауыты жалақыны 34%-ға көбейтті
Елбасы биыл қазан айында жарияланған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында Үкіметке 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе өсіруді тапсырған болатын.
Қазақстан • 12 Қараша, 2018
«7-20-25». Қарекеттің берекеті бола ма?
Кейбір деректерге жүгінсек, еліміздегі баспанасыз адамдарды тұрғын үймен толықтай қамту үшін әлі де 50-60 жылдай уақыт керектігі айтылады. Әрі бұл жағдайға қол жеткізу үшін отандық құрылыс нарығы жыл он екі бойына тоқтаусыз жұмыс істеп, баспана салу ісі кідіріссіз жүруі керек екен.
Әлем • 12 Қараша, 2018
Назарбаев – қазақ пен қырғызға ортақ тұлға
Қазақ елінің Көшбасшысы, түркі дүниесінің ақылгөй тұлғасы әлемдік саясаттан өз орнын тапқан Нұрсұлтан Назарбаев туралы кім де болса жаңа сөз, жаңа ой тауып айта қоюы өте қиын. Ол жөнінде қазақ, қырғыз авторлары ғана емес, Батыстың саяси зерттеушілері де кітаптарын тамсана жазып жатыр.