Қазақстан • 12 Қараша, 2018
Рәміздер – егемендіктің нышаны
Астанада Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Өнер • 12 Қараша, 2018
Облыстық театрлардың өз әлемі бар. Астана мен Алматы сынды еліміздің басты қалаларымен салыстырғанда бұл аймақтарға театр сыншыларын айтпағанда, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен елордадағы Өнер университеті түлектерінің арасында да ат басын бұрып, тұрақтайтыны сирек. Сондықтан болса керек, облыстық театрлардағы қайсыбір жаңалық елеусіз ғана жергілікті көрерменнің рухани сұранысын қанағаттандырумен шектеліп, тым жиі ескерусіз қалып қояды.
Аймақтар • 12 Қараша, 2018
Атырауда енді көлік кептелегі болмайды
Атырау қаласы күн санап көркейіп келеді. Жаңа ғимараттар бой түзеп, саябақтарға сән кіріп, әлеуметтік нысандар қатары артты. Көлік көбейгендіктен бұрынғы тар көшелер қолайсыздық туғызатын еді, енді бұл мәселенің де шешімі табылды.
Аймақтар • 12 Қараша, 2018
Батыс Қазақстан облысы ет экспорты бойынша бірінші орында
Батыс Қазақстан облысы 2018 жылдың тоғыз айында шетелдерге 1,5 мың тоннадан астам ет экспорттап, Қазақстан аймақтары ішінде бірінші орынға шықты. Бұл жөнінде облыстық мәслихатының кезекті ХХ сессиясында өңір басшысы Алтай Көлгінов мәлімдеді.
Білім • 12 Қараша, 2018
Білім беруге қатысты жайттар қаралды
Сенатта Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімованың төрағалығымен өткен Үкімет сағатында орта білім берудің жай-жапсары талқыға салынды. Отырыс 2017 жылғы 22 қыркүйекте «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу келешегі» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау ұсынымдарының іске асырылу нәтижелерін тыңдауға арналды.