Өнер • 12 Қараша, 2018
Рүстем Есдәулетов атындағы фестиваль басталды
Өскемен қаласында Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, режиссер, актер Рүстем Есдәулетовті еске алуға арналған кіші формада сахналанған спектакльдердің ІІ республикалық театр фестивалі шымылдық түрді.
Аймақтар • 12 Қараша, 2018
Парламентшілер Ақтауда кездесті
Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 13-ші отырысы болды. Қазақстан мен Ресей сенаторлары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау мәселесін талқылаған отырысқа Иран делегациясы да қатысты.
Қазақстан • 12 Қараша, 2018
Аграрлық саланы алға сүйрейтін қадам
Еліміздің аграрлық ғылымын бизнестің сұранысына қарай жаңғыртудағы басым бағыттың бірі – ауылшаруашылық саласына жаңа технологияларды жүйелі тарту. Елбасы Жолдауында да еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін заман талаптарына сай инновациялық жолмен дамытуға қатысты нақты міндеттер жүктелген. Осы орайда Алматыда «Ғылым мен білімге негізделген агроөнеркәсіптік кешенді қалыптастыру мәселелері» тақырыбында халықаралық форум өтті.
Аймақтар • 12 Қараша, 2018
Алаштың басын қосқан фестиваль
Сәрсенбінің сәтінде Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында шетелде тұратын қандастарымыздың қатысуымен «Қасиетті Қазақ елі» атты халықаралық өнер фестивалі өтті. Шараны Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, «Отандастар» қоры коммерциялық емес акционерлік қоғамы және Қоғамдық даму министрлігі бірлесіп ұйымдастырған.
Аймақтар • 12 Қараша, 2018
Теміртаудағы металлургиялық комбинатта газ құбыры зақымданды
Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатында конверторлық цеxтың сыртқы жағындағы газ құбырында апатты жағдай болып, соның салдарынан от тұтанған.