Әлем • 12 Қараша, 2018
Парижде үш жылға созылған төрелік дау Қазақстанның пайдасына шешілді
2018 жылдың 8 қарашасында Халықаралық сауда палатасының жанындағы Төрелік трибунал «Mağdenli Yer Hizmetleri ve Taşıma Anonim Şirketi» (бұдан әрі – «Талапкер») түрік компаниясының Қазақстан Республикасына қарсы берген барлық талаптарын қабылдамау бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлем • 12 Қараша, 2018
Ақтөбелік қыз Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне қатысады
19 қараша күні Англия астанасы - Лондонда өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне ақтөбелік оқушы қыз қатысатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 12 Қараша, 2018
Ыстамбұлда Д.Кәлетаев шетелдік қазақ ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді
9 қарашада Ыстамбұл қаласында Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев пен «Отандастар» Қоры Президенті Нұртай Әбіқаев Түркия және Еуропадағы шетелдік қазақ ұйымдарының Мансұр Тәйжі, Якуп Жан, Фазыл Топлу, Әбдуақап Қара сияқты белді әрі белсенді басшыларымен кездесу өткізді. Шара қазақстандық делегацияның Түркия Республикасына іссапары аясында орын алды.
Аймақтар • 12 Қараша, 2018
Ақтөбе мен Челябі ынтымақтастық туралы келісімге келді
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ресей Федерациясының Челябі облысының губернаторы Борис Дубровский «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен тенденциялары» XV халықаралық ынтымақтастық форумы барысында меморандумға қол қойды. Екі ел басшылары қатысқан шара Петропавлда өтті.
Қазақстан • 12 Қараша, 2018
Алматы әкімі қаланың қыс маусымына дайындығын тексерді
Бауыржан Байбек мегаполистің барлық аудандарына қала тұрғындарының қарды уақытында тазарту және өзге де өтінімдеріне шұғыл назар аудару үшін «жедел» желі мен учаске бастықтарының, аудан әкімдері орынбасаларының байланыс нөмірлері жазылған ақпараттық стенд орнатуды тапсырды. Бұл ақпарат Алматы тұрғындарына қолжетімді болу үшін Ғаламтор желісіне ашық түрде жарияланбақ.