Сараптама • 29 Қараша, 2024
Спорттың алуан түрлі пайдасы бар
Тұрақты спортпен шұғылдану созылмалы аурулардың, соның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларының және екінші типтегі қант диабетінің қаупін азайтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, физикалық белсенділік жұқпалы емес аурулардан болатын өлімді 30%-ға төмендетуі мүмкін. Мысалы, халықтың 50%-дан астамы үнемі спортпен шұғылданатын Солтүстік Еуропа елдерінде мұндай аурулардан болатын өлім көрсеткіші физикалық белсенділігі төмен елдерге қарағанда 20%-ға төмен.
Аймақтар • 29 Қараша, 2024
Шаруасы ширап, өндірісі өркендеген өңір
Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 4 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берген облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.
Басылым • 29 Қараша, 2024
Басқа басылымдардан: Cтратегиялық байланысты қуаттады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путинмен болған кездесуінде екі ел арасындағы стратегиялық байланыстарға ерекше тоқталды.
Саясат • 29 Қараша, 2024
БАӘ Ұлттық күніне арналған іс-шараға қатысты
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысты. Спикер жиналған қауымды мерекемен құттықтап, достас Әмірліктер халқына бақ-береке тіледі.
Өнім • 29 Қараша, 2024
Сапасыз өнімнен қалай сақтанамыз?
Елімізде халық тұтынатын өнімдер арасында стандартқа сай келмейтін, адам денсаулығына кері әсері бар азық-түліктердің сатылымда жүргені оқта-текте анықталып жатады. Таяуда ел аумағында жүргізілген тексерістің нәтижесінде өнімдердің 70 пайызға жуығы белгіленген нормаға сәйкес келмеген. 300-ге тарта субъектіге әкімшілік-жауапкершілік шаралары қолданылыпты.