Футбол • 28 Қараша, 2018
Григорий Бабаян: Плей-офф мәселесін өз алаңымызда шешуге тырысамыз
Еуропа лигасының 5-ші тур аясындағы «Астана» – «Динамо» (Киев) матчы алдындағы баспасөз мәслихатында «Астана» командасының бас бапкер міндетін атқарушы Григорий Бабаян журналистер сұрағына жауап берді.
Қазақстан • 28 Қараша, 2018
Ақтөбе облысында 120 мың бала «Бақытты бала» жобасымен қамтылды
2018 жыл Ақтөбе облысында Бала жылы деп жарияланып, оның шеңберінде «Бақытты бала» ауқымды жобасы іске асырылды. Бастаманы Білім және ғылым министрлігі, отбасы және балалар мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдар мен қайырымдылық қорлары қолдады. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
Қазақстан • 28 Қараша, 2018
Ақтөбе облысында коммуналды қызметтердің тарифтері төмендеді
Ақтөбе облысында коммуналды қызметтердің тарифтерін төмендету шаралары қабылданып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникацияар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.
Қазақстан • 28 Қараша, 2018
Шымкенттік зиялы қауым Тұңғыш Президент күніннің маңызына тоқталды
Шымкент қалалық ассамблея хатшылығының және қалалық «Нұр Отан» партиясының, қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшылығы, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар, Жас Отан» жастар қанаты мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері қатысқан жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігінің арқасында қол жеткізген табыстар, Тәуелсіздік жылдарындағы тағдыршешті қадамдар тілге тиек болды.
Білім • 28 Қараша, 2018
Ресейдің Свердлов облысындағы қандастарымыз қазақ тілін оқи бастады
Екатеринбург қаласындағы қандастар арасында облыстық «Евразия-Қазақстан» аймақтық қоғамдық ұйымының вице-президенті Ғалия Аманжолованың бастамасымен қазақ тілі курсы жүре бастады. Оған тілек білдірушілер жас ерекшеліктеріне қарамай қатыса алады. Қазір заңгер Никита Кутейников, 9 сынып оқушысы Әділбек Тоқбаев, медицина қызметкері Сұлушаш Бейсембаева, кадрлар бөлімінің инспекторы Марина Сейдахметова, құрылысшы Дәурен Сейдахметов, тағы басқалар курсқа келіп жүр.