Аймақтар • 29 Қараша, 2017
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде «Елін сүйген - Елбасы» көрмесі ашылды
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген - Елбасы» көрмесінің ашылу рәсімі өтті.
Аймақтар • 29 Қараша, 2017
Діни экстремизммен күрес мәселесі талқыланды
Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арынның төрағалығымен ведомство жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Оған діни бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар дінтанушы-ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысты.
Қазақстан • 29 Қараша, 2017
Тамара Ашаева есімді тұрғын Бас прокуратура ғимаратындағы Құқық қорғау қызметтері орталығына келіп, өзін толғандырып жүрген мән-жайды хабардар еткенде, расын айтқанда жанын жаралаған осы бір мәселенің тез шешілетініне сенімсіз еді. Өйткені өзінің және жалғыз ұлының жағдайы мүшкіл болатын. Оның мүгедек ұлы ауыр халде жатқан. Баласының ауруы күннен-күнге меңдеп бара жатқан соң Тамара дәрігерлерге бір емес, бірнеше мәрте хабарласқан.
Қазақстан • 29 Қараша, 2017
Әкемнің Оспан екенін дәлелдей алмай жүрмін
«Егеменнің» Ақтөбедегі тілші қосынына келген азамат өзінің аты-жөнін Мәнбетжанов Түгелбай Оспанұлы деп таныстырды. Келген шаруаңызды айта отырыңыз дедім мен оған. Оның әңгімесінен түсінгенім, 1958 жылдың 10 шілдесінде дүниеге келген бұл азаматтың туу туралы куәлігінде әкесінің аты жазылмай қалыпты. Солай бола тұрса да жеке куәлігі мен төлқұжатында, әскери билетінде әрі өзге де қолданыстағы құжаттарында Оспанұлы деген әкесінің аты тайға таңба басқандай көрсетіліпті.
Қазақстан • 29 Қараша, 2017
Көк түтіннен құтылар күн бар ма?
Күн суыта бастағаннан елорданың аспанын қара бұлт баса бастайды. Кәдуілгі қара мұржадан шыққан көк түтіннің қолқаны қабар ысы қала көшелерін алып кетеді. Астананың қара суыққа жалғасар күзі ерте түсетінін, Арқадағы ақ жамылғы жамылар қыстың соңы ұзарып кететінін ескерсек, қала тұрғындарының кеңсірігін жарған ащы иіс алты ай тынысымызды тарылтады екен.