Қазақстан • 13 Қараша, 2018
Қызылордада қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді
Қызылордада Сырдария бойындағы су тасқынынан қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді.
Технология • 13 Қараша, 2018
Ақтөбеде жоғары жылдамдықтағы интернет желісі ұлғаяды
Елімізде «Цифрлы Қазақстан» жол картасын жүзеге асыру ісі қолға алынған кезде өңірдің шалғай ауылдары мен елді мекендерінің жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен қамтылу көрсеткіші көңіл көншіте бермейтін. Нақты айтқанда бұл кезде оның деңгейі 45 пайыздан аса қойған жоқ. Аз уақыттың ішінде бұл деректің көлемі он пайызға ұлғайды.
Президент • 13 Қараша, 2018
Елбасы Астана клубының төртінші отырысына қатысты
Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік беретін шешімдер қалыптастыру және іздестіру үдерісінде Астана клубының мәні мен өзектілігінің зор екенін айтты. Қазақстан Президенті халықаралық қатынастардағы жаңа ахуалдың басты сипаттары мен түйткілді тұстарына тоқталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 13 Қараша, 2018
Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті
Мемлекет басшысы Астана клубының отырысы аяқталғаннан кейін Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 13 Қараша, 2018
«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше туристік нысандардың тізіміне енді
Түркия мемлекетінің Анталия қаласында туристік тартымдылық және туризмді жоғары деңгейде тұрақты дамыту мәселелері бойынша халықаралық комитеттің кезекті сессиясы өткен болатын. Мұнда әлемдегі ерекше тартымды туристік нысандардың қатарын толықтыру мәселесі қаралды.