Экономика • 30 Қараша, 2023
Түркістан облысының өнеркәсіп әлеуеті
«Ең үлкен облыс Түркістанның әлеуметтік-экономикалық ахуалы бүтін республикаға әсер етер күшке ие. Өйткені Оңтүстік облыс географиялық тұрғыда қолайлы орналасқан, ондағы халық тығыздығының деңгейі жоғарғы және кейінгі жылдары қолға алынған іргелі бастамалар біршама. Өңірдегі аса өзекті мәселелердің көшін инфрақұрылым мен әлеуметтік ахуал бастайды. Бәріне бірдей бюджет қаржысын жеткізу оңай емес, бірақ біз әркез ұтымды шешімдер қабылдауға тырысып келеміз», деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы арнайы брифингте.
Аймақтар • 30 Қараша, 2023
Шалғайдағы шағын ауыл тұрғындарының басы ауырып, балтыры сыздай қалса, жедел медициналық көмек алуы – қиынның қиыны. Негізгі себеп, жедел жәрдем көліктерінің тозығы жеткен. Жалғыз бұл ғана емес, емдеу мекемелері де жанашырлыққа зәру.
Денсаулық • 30 Қараша, 2023
Қызылшаға қарсы вакцинаны күні бұрын салдырып, аурудың алдын алуды ойлағандардан бөлек, вакцинадан үзілді-кесілді бас тартып отырған тұрғындар да жоқ емес. Соның салдарынан болар, қарашада қызылшаның тіптен асқынғаны байқалып, жұқпалы ауруға қарсы жаппай иммундау басталды. Дәрігерлер қызылшаны өтпелі ауру санап, бейқам жүруге болмайтынын ескертеді. Өйткені ауру асқынып, беті қайтпаса, салдары ес жидырмауы мүмкін. Кейінгі деректерге сүйенсек, елімізде 17 мыңнан аса адамнан қызылша анықталған. Олардың 82 пайызы балалар болса, осы қатардағының көпшілігі – вакцина алмағандар.
Айбын • 30 Қараша, 2023
«Жас бүркіт» мұзбалаққа айналар
Жуырда Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Еркін Ботақанов, өзара әрекеттес органның өкілдері арнайы қатысты.
Аймақтар • 30 Қараша, 2023
Сыр өңіріндегі тарихи қатпары қалың қалаларға өткен ғасырда жасалған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы материалдары қазір Ресей мұрағаттарында жатыр. Осыған байланысты Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары Ресей ғылым академиясының Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтының мұрағатында және мемлекеттік Шығыс халықтары музейінде болды.