Бокс • 15 Қараша, 2018
Апта басында қазақстандық БАҚ өкілдері боксшы Әділбек Ниязымбетовтің былғары қолғабын шегеге ілгені туралы жарыса жазды.
Қаржы • 15 Қараша, 2018
Ғалым Байназаров: Теңге тарихи миссиясын толық орындады
Ұлттық валютамыздың айналымға енгізілгеніне 25 жыл толуына орай белгілі экономист, ғалым, Қазақстан Ұлттық банкінің тұңғыш төрағасы Ғалым Байназаровпен сұхбаттасқанды жөн көрдік.
Спорт • 15 Қараша, 2018
Түрікменстанның бас шаһары Ашғабадта аяқталған әлем чемпионатын Қазақстанның ауыр атлеттері қос жүлдемен қорытындылады. 55 кило салмақта өнер көрсеткен Арли Чонтей күміс медальды иеленсе, 71 кило салмақтағы Надежда Лихачева қола жүлдеге қол созды. Жалпы командалық есепте жерлестеріміз 13-орынға тұрақтады.
Саясат • 15 Қараша, 2018
Партия қызметі уақыт талабына сай болуы тиіс
Кеше «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының республикалық форумы өз жұмысын бастады. Алғаш рет өткізіліп отырған шараға еліміздің әр өңірінен келген 600-ден астам делегат қатысуда. Олардың қатарында бастауыш партия ұйымдары мен аймақтық және аумақтық партия филиалдарының басшылары және партия белсенділері, сондай-ақ отандық және шетелдік белгілі сарапшылар, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары бар.
Қаржы • 15 Қараша, 2018
Банк секторы 2020 жылға дайын ба?
2015 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болғаннан кейін бес жыл ішінде шетелдік банктерге ішкі нарықта тікелей бөлімшелерін ашуға рұқсат ету міндеттемесін алған еді. Яғни, 2020 жылдан бастап шетелдік кез келген банк Қазақстанда өз бөлімшесін ашып, жұмыс істей бермек. Бұл біздің банктердің бизнесіне, депозит пен несие пайызына қалай әсер етуі мүмкін деген сауал көпшілікті қазірден алаңдатуда. Дегенмен, Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер бұған дайындықты біраз уақыт бұрын бастап кеткен.