Қазақстан • 30 Қараша, 2023
Орта дәліз: Жүк тасымалын ұлғайтуға не кедергі?
Дүниежүзілік банк Транскаспий халықаралық көлік бағытына арнаған баяндамасында Қазақстан, Әзербайжан, Грузия үшін осы мультимодальды теміржол-теңіз дәлізін маңызды да сенімді сауда бағытына айналдыруға жәрдемдесетін негіздемелер ұсынды. Банк болжамына қарағанда, үйлесімді іс-әрекет, тиімді инвестиция 2030 жылға қарай жүк тасымалы көлемін үш есе ұлғайтып, жол уақытын екі есе қысқартады.
Экономика • 30 Қараша, 2023
Экономика және креативті ойлау
Бүгінде экономиканың басым бағыттарына айналып келе жатқан креативті индустрия – қаржының ерекше саласы. Бұл өндіріс әлемдік экономиканың қарқынды дамып келе жатқан бөлігі ретінде танылып, ғылым мен мәдениетке, заманауи шығармашылық бағытқа негізделіп отыр. Креативті экономика көптеген елде мемлекеттік қолдауға ие болып, оның нарықтағы ІЖӨ-ге қосқан үлесі 3%, ал кейбір дамыған елдерде 10-12%-ды құрайды.
Өндіріс • 30 Қараша, 2023
Жеңіл өнеркәсіпке мемлекеттік көзқарас керек
Бүгінде еліміздегі нарықтық бәсекелестікте өз қабілетін таныта алмай отырған жеңіл өнеркәсіп тауарларының ішіндегі отандық киім мен аяқкиім өндірушілерінің үлесі 6,5%-ға төмендеген.
Сұхбат • 30 Қараша, 2023
Дархан Нұрпейісов: Қоғам қарыздан сабақ алғаны абзал
Банк келісімшарттарында түрлі өмірлік жағдайларды ескеріп, қамту мүмкін болмағандықтан, банк пен қарыз алушы арасында келіспеушіліктер туындап жатады. Ипотекалық қарыз шарттары бойынша құқықтардың бұзылуына жұртшылық шағымының көбеюіне байланысты кезінде елімізде Банк омбудсмені институты енгізілді. Білікті кеңесші тараптар арасындағы түсініспеушіліктерді реттеуге, міндеттемелерді орындау талаптарын өзгертуге қалай ықпал етеді? Бұл төңіректегі сауалдарды Қазақстанның Банк омбудсмені Дархан Нұрпейісовке қойған едік.
Шаруашылық • 30 Қараша, 2023
Кейінгі он бір жылдың бедерінде мал азығын дайындаудың қиямет-қайымға айналып, шаруа қожалықтары мен тұрғындардың баяғыдан бері қажетінше шөп шауып алып жүрген шабындықтарының көзден бұл бұл ұшуы асқынған мәселе болып отыр. Осы өзекті мәселе жөнінде туған ауылым Қызбел тұрғындарының қынжылысын, талап-тілегін Үкімет назарына жеткізу мақсатымен қолыма амалсыздан қалам алдым.