Президент • 29 Қараша, 2018
Құрыш осылай шынықты (Елбасы феномені)
Елбасы Н.Назарбаевтың қарапайым шаруа отбасында тәрбиеленіп, домнаның көрікшісінен әлемге әйгілі мемлекет қайраткері, сарабдал саясаткер болып шығуы туралы талай мақала, кітаптар жазылды. Әлі де жазыла береді. Бұл тақырып елдің жазушы-журналистерінің, қоғам қайраткерлерінің бірнеше ұрпағының назарын аудартты. Елбасының еңбек жолы, өнегелі өмірі, туған жері мен халқы үшін сіңірген ерен еңбегі талай қатпар-қатпар томдарға арқау болары сөзсіз. Сондағы қалам ұстаған қауымның мақсаты Назарбаев феноменін анықтау болып отыр ғой. Таптық па сол феноменді?
Президент • 29 Қараша, 2018
Мехмет Сарай: Халқына жарқын болашақ сыйлаған қайраткер
Мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевпен жақыннан танысудың орайы Анкарада болған бір жиналыста туды. Түркия Республикасының сегізінші президенті Тұрғыт Өзалдың шақыруымен бауырлас түркі республикасының елбасылары 29 қазандағы Республика күні мерекесіне орай Анкараға жиналған болатын. 1992 жылдың 30 қазанында Анкарада түркі мемлекеттері президенттерінің алғашқы жиналысы болды. Ол кезде Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінде бауырлас республикалар мәселесі бойынша бас кеңесші болып қызмет атқаратындықтан, бұл жиналысқа қатысу мүмкіндігіне ие болдым.
Президент • 29 Қараша, 2018
Ахметжан Ашири: Теңдессіз тарихи ерлік
Бүгінгі тәуелсіз еліміздегі экономикалық өрлеу, әлеуметтік даму һәм саяси тұрақтылық, Қазақ елінің әлемдік деңгейде танылып, беделі жыл өткен сайын арта түсуі, биік-биік мінберлерден көрінуіміздің түпкі негізі халқымыздың ауызбіршілігінде, ұлттық бірлігінде жатқаны аян. Бұл – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттігімізді нығайту жолындағы теңдессіз тарихи ерлігі.
Руханият • 29 Қараша, 2018
Қорқыт ата мұрасы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізімінде
Елбасымыз қоғам тарапынан зор серпіліс тудырған «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында Ұлы даланың ұлы есімдерін ұлықтауды және ортақ фольклорлық мұраларды зерттеуді айрықша тапсырған еді. Елбасымыз қоғам тарапынан зор серпіліс тудырған «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында Ұлы даланың ұлы есімдерін ұлықтауды және ортақ фольклорлық мұраларды зерттеуді айрықша тапсырған еді. Елбасымыз қоғам тарапынан зор серпіліс тудырған «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында Ұлы даланың ұлы есімдерін ұлықтауды және ортақ фольклорлық мұраларды зерттеуді айрықша тапсырған еді.
Қазақстан • 29 Қараша, 2018
Бірлігі жарасқан біртұтас қоғам
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Серіктестік. Сенім» тақырыбында өткен VIII Азаматтық форумның жалпы отырысына қатысты. Елбасы екі күнге созылған форум аясында айтылған нақты ұсыныстарды тыңдап, елімізде үкіметтік емес ұйымдардың әрі қарайғы іс-қимылдары мен бағыт-бағдарын көрсетіп берді.