Қазақстан • 29 Қараша, 2017
Тұрақты тіркеуге тұру және шығару онлайн қызметі іске қосылады
Жыл басынан бері ҚР ІІМ тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 39 түрінен ведомствоның қызметкерлері 286 ХКО-да және 14 арнайы халықққа қызмет көрсету орталығында тұрғындарға 20 млн жуық қызмет көрсетілген.
Қазақстан • 29 Қараша, 2017
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру аясында Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, композитор Дүйсенәлі Бықыбаевтың «Ән-ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті.
Қазақстан • 29 Қараша, 2017
Сахнаға салтанатты реңк сыйлайтын драма театрларының қызылкүрең дүрия яки масаты шымылдығы ауыр қозғалып ашыла бастағанда, селт еткізетін тың туынды күтіп отырған көңіліңді көп жағдайда жеңіл дүниенің даңғазасы жайлап ала жөнеледі. Ойлануға мұрша бермейді. Ойланудың қажеті де жоқ – жалт-жұлт оқиғалардың жетегінен қалып қоймай желпініп отыруға жарасаң, болды.
Қазақстан • 29 Қараша, 2017
«Егемен Қазақстан» газетінің мұғалім қауымымен кездесуі Рудный қаласындағы №15 қазақ орта мектебінде өтті. Мектеп директоры Қайыржан Нұрмағамбетовпен хабарласқанымызда «Мектептің қуанышын да, өзекті істерін де ата-аналармен бірге бөлісеміз. Кездесуге ата-аналар да қатысса бола ма?» деген еді. Болғанда қандай! Жалпы, бала тәрбиесі, білім мәселесі мектеппен бірге бөлініп қалған арал емес, бала ата-ананың ғана емес, мемлекеттің, ұлттың болашағы болғандықтан, мектептің мәселесі баршамызға ортақ.
Қазақстан • 29 Қараша, 2017
«Іздегенімізді «Егеменнен» табамыз»
«Егемен Қазақстан» газеті қосынының Оңтүстік Қазақстан облысындағы тілшілері Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-гимназия мен Макаренко атындағы №41 орта мектепте мұғалімдермен жүздесті.