Өнер • 15 Қараша, 2018
Өзінің дүлдүл өнерімен дүние жүзіне танылған талантты тұлға, Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірова талайларды тарихи-танымдық құндылықтарымен тамсандырған паң Париж төрінде классикалық музыка кешін өткізді. «Франциядағы Қазақстан күзі» әлеуметтік-мәдени жобасы аясындағы аталмыш шараны ұйымдастырған – сол мемлекеттегі өзіміздің Елшілік.
Руханият • 15 Қараша, 2018
Атырау дегенде әдетте мұнай мен балық алдымен еске түседі. Қазыналы өлкеде өнердің де бәсі биік. Биыл мәдениет саласына жергілікті бюджеттен 4,5 млрд теңге бөлінді.
Экономика • 15 Қараша, 2018
Халықаралық инвестициялық қоғамдастықтың назарын аудару үшін ел Үкіметі Қаржы министрлігі арқылы еуромен белгіленген құнды қағаздарды нарыққа шығарды.
Қоғам • 15 Қараша, 2018
Кеше Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері жобасының» практикалық тұрғыда іске асырылуын бақылау мақсатында жалпыхалықтық диктант өткізді.
Өнер • 15 Қараша, 2018
Ақындар мен батырлар еліндегі той дүбірі
Жер жаннаты Жетісудың қызыр дарыған қасиетті өңірлерінің бірі, ақындар мен батырлар елі атанған, бүгінде Алатаудың бөктеріндегі арда ағайынның атамекені саналатын шежіресі бай, келбеті келісті Алматы облысы Жамбыл ауданының тұрғындары 90 жылдық мерейлі мерекелерін кең көлемде атап өтті. Салтанатты шара жыр алыбы Жамбыл Жабаев пен Қарасай батыр ескерткіштеріне гүл қою рәсімінен басталды.