Қоғам • 15 Қараша, 2018
Алматы полициясы: ірі сатып алушының үйінен ұрланған заттар иелеріне қайтарылды
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының Қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері бұрындары сотталған Түркістан ауданының 33-жастағы тұрғыны, Алматы қаласының тұрғын үй ауданында орналасқан екі қабатты коттеджді, ұрланған мүлікті уақытша сақтау үшін сатып алған. Оның ауқымында - цифрлы жабдықтар, тері бұйымдары, гаджеттер және олар үшін аксессуарлар бар, деп хабарлайды Алматы қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметі.
Ауыл • 15 Қараша, 2018
ШҚО-да атқа мінген ауыл әкімі қасқырдан құтқарып қалды
Алты ай қақаған қысы бар Алтай қателікті кешірмейді. Әсіресе қыстың көзі қырауда бұл жақта жаяу жүрмегеніңіз абзал. Жүрсеңіз, иығыңызға қару асыныңыз. Бірақ мұны тұрғындардың бәрі ескере бере ме? Тұрғындардың бәрі Оралхан Бөкейдің «Қар қызын» оқыды дейсіз бе? Жуықта Катонқарағай ауданында оқыс оқиға орын ала жаздап, абырой болғанда жер жағдайын жіті білетін жергілікті азаматтардың араласуымен адамдар бір қатерден аман қалды.
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарды қолдады. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Сомали мен Эритреяға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялар жөніндегі комитетінің төрағасы болды, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасы.
Қазақстан • 15 Қараша, 2018
Қостанайда жол-көлік оқиғасы 5,9 процентке азайды
Қостанайда жол-көлік оқиғасының деңгейі төмендеуінің бір себебін полицейлер өңірдегі жүргізушілер сауаттылығының жоғарылауынан деп отыр. Автоәуесқойлар көлікті ұқыпты жүргізумен қатар, жол үстінде жүргіншілерге басым назар аударуды әдетке айналдырып келеді. «Жол қозғалысының қауіпсіздік апталығы» акциясы кезінде тәртіп сақшылары осындай жол қозғалысына байыппен, жүргіншілерге құрметпен қарайтын, жол қозғалысында ешқандай ереже бұзбаған, ескерту алмаған жүргізушілерге сый-сияпат көрсетті.
Қоғам • 15 Қараша, 2018
Аягөзде зағип жандарға құрмет көрсетілді
Жанарынан айырылған. Бұл сөзді есту қандай ауыр болса, осы бейнетпен күн кешу одан бетер қиын-ау. Десе де, тағдырдың тауқыметіне қасқая қарсы тұрып, қоғамдағы өз орындарын орнықты көрсете білген жандар қашан да құрметке лайық.