Инфографика • 30 Қараша, 2023
Ішкі жалпы өнім өсе ме, құлдырай ма?
Әртүрлі сарапшылар 2023 жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім көрсеткішінің шамамен 5 пайызға тақау қалыптасатынын айтып жатыр. AERC 4,6 пайыз десе, Халықаралық валюта қоры 4,8 пайыз болады деген болжам береді. Halyk Finance аналитикалық орталығының мәлімдеуінше, ІЖӨ өсімі жоспар бойынша жылжып келе жатыр.
Құрылыс • 30 Қараша, 2023
Жақында табиғаттың тосын мінезі бас қаладағы құрылыс сапасының көлеңкелі тұсын көрсетіп бергендей болды. Осындай кезде торнадо секілді алапат дауыл мен ақтүтек боранның өзіне шыдас беретін дамыған елдердегі алып ғимараттар қандай технологиямен тұрғызылады, адам қолы жетпес құрылыс материалын қолданды ма екен деп таңданасың. Ал бізде жауаптылар ат ізін салмайтын аймақтарды айтпағанда, осы күні ел астанасында жел тұрса жұрттың зәре-құты қашып, жанын шүберекке түйіп отырады.
Қылмыс • 30 Қараша, 2023
Елімізде адам саудасы бойынша жыл басынан бері 27 факт тіркелген. Ең сорақысы, кәмелетке толмаған 22 бала сатылған. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді. Жалпы, елімізде тірі тауар саудасына қашан тосқауыл қойылады?
Құқық • 30 Қараша, 2023
Қызметтік этикаға жүрдім-бардым қарайтын, ел үлкендерінің сөзін тыңдауға құлқы жоқ мемлекеттік қызметшілердің бары өкінішті. Бұған дәлел ретінде көп жайтты мысал етуге болар. Бірақ Павлодар ауданы әкімдігі мен мектеп мұғалімінің арасында туындаған мына бір келеңсіз оқиға ауыл жұртшылығы арасында айрықша алаңдаушылық тудырып отыр.
Мәселе • 30 Қараша, 2023
Ауыз сусыз ауыл қайтіп күн көрер?
Қара судың бағасы «қара алтыннан» да қымбат болатын заман келеді дейді білгіштер. Қара аспанды төндірген артық болжам шығар деп ойлайсың кейде. Алайда алысқа бармай-ақ, Астанадан атшаптырым жерде айлар бойы ішер суға зар болып отырған ауылдарды көргенде, бұл «сәуегейліктің» негізсіз емес екеніне еріксіз илана бастайсың.