Аймақтар • 29 Қараша, 2019
Тұңғыш Президент көшесі тұнған тарих
Бір-бірімен қиылысып һәм қатар шауып, шумақ-шумақ созылып, шулы шаһардың тұла бойына жан бітіретін көшелердің де өз өмірі, тылсым тағдыры, терең тарихы болады. Біз бүгін көне Орал қаласының қақ ортасында жатқан осындай бір көше туралы әңгіме қозғамақпыз.
Қазақстан • 29 Қараша, 2019
«Құшағың жетпейтінді құшақтай алмайсың» деген сөз бар. Жақында ғана жүз жылдық тойын жарқылдатып өткізген ел газеті «Egemen Qazaqstannan» телефон соғылып, Тұңғыш Президент күнінің қарсаңында Елбасымыз туралы мақала жазу жөнінде ұсыныс жасалғанда сол сөз еске түсті. Тәуелсіздіктің 28 жылдық жолындағы елеулі тарихи оқиғалар мен ірі жеңістердің бәрі де Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екені баршаға белгілі. Сонда бір мақалада, оның үстіне жедел жазылатын мақалада Елбасының ел үшін еткен еңбегін қалай сығымдап айта аларсыз?
Руханият • 29 Қараша, 2019
Ұлттық музейде Тұңғыш Президент – елбасы Кітапханасының ұсынуымен егемендіктің негізін қалауға, үйлесімді қоғам құру мен ұлт тарихының жаңа кезеңіндегі Елбасы рөлін айқындайтын жаңаша көрме ашылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы және мәдениет» көрмесінде кітапхананың мұрағаттық материалдар жинағы әртүрлі жанрдағы 170-тен астам құжатты ел назарына ұсынды.
Президент • 29 Қараша, 2019
Түркістан қаласы бүгінде күн санап көркейіп келеді. Әсіресе жарыса бой көтерген қала аумағындағы тұрғын үйлер мен көздің жауын алардай көркем ғимараттар өңір экономикасына жаңа серпін беруде. Осы тұрғыдан келгенде тәуелсіздік жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауы мен бастамасы киелі Түркістанның жандана түсуіне, бүгінгідей ізгілікті істерге басты негіз болғаны елге мәлім.
Президент • 29 Қараша, 2019
Біздің басты құндылығымыз – елдің амандығы мен жердің тыныштығы, бірлігі мен бейбітшілігі. Дін қызметкерлері мұны айтудан ешқашан жалыққан емес. Өйткені Пайғамбарымыз прогреске үндеген. Дамудың жолын көрсеткен. Керітартпа көзқарас алға жылжуды тежейді. «Отанды сүю – иманнан», деген аталы сөз бар. Бұл – тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін нақыл. Отбасын ізгілікке тәрбиелеу, елдің игілігіне қызмет ету, тұрақтылық пен тыныштыққа тілеулес болу, міне, Отанды сүю деген осыдан басталады. Отаншыл адам өз ортасын береке мен бірлікке бөлеп, ізгілікке үндеп жүреді.