Спорт • 20 Қараша, 2023
Словения өз алаңында жеңілген жоқ. Сарапшы пікірі
Бүгін түнде футболдан еліміздің ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу туры аясындағы соңғы матчты өткізеді. Словенияның астанасында өтетін тартыста Магомед Адиев шәкірттері жеңіске жетсе, 110 жылдық тарихы бар қазақ футболының жылнамасына жаңа дерек қатталады. Қазақстан ұлттық құрамасы тұңғыш рет футболдан Еуропа чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 20 Қараша, 2023
Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте бірқатар мемлекет өкілдерінің қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтті. Аталған жарысты тамашалау үшін көптеген атақты спортшылар келді. Солардың қатарында кезінде аса ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атанған даңқты Майк Тайсон мен Эвандер Холифилд те болды.
Тағзым • 20 Қараша, 2023
Қазақтың ардақ тұтқан арысы еді
Кеше Ресейдің Кемер өңірінен жеткен суық хабар иісі қазақтың қабырғасын қайыстырғаны кәміл. Тарихи Отанынан жырақта жүрсе де, ұлтының атын шығарып, халқымыздың ыстық ықыласына ие болған арыс азамат Амангелді Молдағазыұлы Төлеев келместің кемесіне мінгеніне көңіл сенер емес.
Ауыр атлетика • 20 Қараша, 2023
Ауыр атлетикадан Мексиканың Гвадалахара қаласында жастар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан құрама командасының қоржынына алғашқы жүлде түсті.
Көрме • 20 Қараша, 2023
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы – С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының «Сырдың сырлы әлемі» атты жылжымалы көрмесі Батыс Қазақстан облысына келді.