Қазақстан • 23 Қараша, 2022
Алаш қозғалысы тарихында Әлихан Бөкейханның басшылығымен ұлт мүддесi жолында қалтқысыз қызмет еткен қазақ зиялыларының бiрi – Биахмет Сәрсенов. Ол 1885 жылы бұрынғы Семей облысының Зайсан уезiне қарасты Нарын болысында (қазiргi Ақсуат жерiнде) дәулеттi отбасында дүниеге келiп, 1905-1909 жылдары бастапқыда Семейдегi мұғалiмдер семинариясының даярлық бөлiмiн, одан соң толық курсын үздiк бағаға бiтiрiп шыққан жалғыз қазақ екенi, ауыл мектебiнде бес жыл сабақ берiп, бала оқытқаны, үш жылдай болыс болып ел басқарып, бастауыш мектептер ашқаны, 1917 жылғы ақпан төңкерiсiнен кейiнгi кезеңде Алашорда үкiметiнiң құрамында, ал Кеңес өкiметiнiң алғашқы жылдары халық-ағарту саласында басшылық қызметтер атқарғаны, 1921 жылы жаз айында Орынборда 36 жасында оба ауруынан қаза болғаны мәлім (бұл туралы өлкетанушы Қарпық Егiзбаевтың «Тағылым» атты кiтабында кеңірек жазылған).
Таным • 23 Қараша, 2022
Қазақстанның аға және орта буын мұғалімдері арасында кеңестік саяси қуғын-сүргін жылдары Грузияда туып, «жылымық» тұсында педагогика саласына тың ойлар алып келген КСРО ПҒА академигі, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвилиді білмейтіндер кемде-кем. Оның ғылыми ізденістері 80-жылдардың аяғында кең насихатталды. Сенімге, сүйіспеншілікке, шынайы жетілуге қатысты тұжырымдары әлі де өзекті. Академик осы бағытта 30-дан аса монография, эссе, оқулық жазыпты. Бүгінде 90-ның төріне шықса да тың, күрделі қоғам туралы айтары да аз емес.Педагогика абызы Шалва Амонашвили елімізге талай рет келіп, дәріс оқыған. Биыл 14 мамырда республикалық «Senimen Bolashaq» ата-аналар қоғамдық бірлестігінің шақыруымен Алматыдағы алқалы елдік жиынға қатысты. Елеулі ой-ұсыныстарын ортаға салып, Қазақстан педагогтерінің ықыласына бөленді. Осы тарихи кездесу-дәрістің куәсіндей таяуда «Senimen Bolashaq» ҚБ академик Ш.Амонашвили «Ізгілік педагогикасы» атты еңбегін тұңғыш рет қазақ тіліне аударып, оқырманға ұсынды («Саналы ата-ана академиясы», 2022).Төменде оқырмандардың өтінішімен Шалва ұстаздың Алматы дәрісі жазбасынан және аталған кітабынан үзінділерді жариялап отырмыз.
Өнер • 23 Қараша, 2022
«Астана Опера» театрының дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин елімізге ғана емес, әлемдегі өнерсүйер қауымға жақсы таныс. Оның дирижерлік репертуарында 250-ден астам вокалдық-симфониялық, симфониялық және камералық музыка шығармалары мен 40-тан астам опералық-балет қойылымдары бар. Сондай-ақ қоюшы дирижер ретінде 20-дан астам туындыны сахналаған. Сонымен қатар ол Роберто Аланья, Мауриццио Барбаро (Италия), Жерар Коссе (Франция), Марк Холланд, Джеймс Керби (Ұлыбритания), Пьетро Масса (Германия), Олег Крыса (АҚШ), Миранда Кейс (Аустралия), Марианн Талаба (Аустрия), Зураб Соткилава (Ресей) секілді әлемдік деңгейдегі көптеген музыканттармен бірге өнер көрсетті.
Өнер • 23 Қараша, 2022
Әлемде сурет өнерін қалыптан тыс магиясымен сырқаттаған туындылар легі көп емес. Соның бірі һәм бірегейі норвег суретшісі Эдвард Мунктің «Айқайы».
Спорт • 23 Қараша, 2022
Әр әлем чемпионатынан үлкен сенсация күтетін жанкүйерлердің тілегін бірінші болып Сауд Арабиясы құрамасы орындады. Қатардағы доданың үшінші күнінде Аргентина құрамасымен кездескен арабиялықтар Месси бастаған ұжымды тізе бүктіріп, әлемдік доданың алғашқы сенсациясын тіркеді.