Аймақтар • 23 Қараша, 2022
«Қыс маусымына техникалар сақадай сай» деп сансыз есептер берілгенімен, қар түскен күні омбылап қалатынымыз өтірік емес. Күре жолдар күрелмей, көп техника үлгермей жатқанын да неше байқадық. Нақтырақ айтсақ, облыстың жолдарын қыс маусымында күтіп ұстау үшін 518 техника жұмылдырылған екен.
Медицина • 23 Қараша, 2022
Оңалту орталығындағы орайлы істер
Елімізде балаларды оңалту орталықтарына сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Қазір бірнеше өңірде балаларды оңалту орталықтары ашылса, онда көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға да баса мән берілуде. Бірақ ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар перзентін қолдан келсе, елордадағы University Medical Center корпоративтік қорының Балаларды оңалту ұлттық орталығына апаруды құп көреді. Біз аталған орталықтың тыныс-тіршілігімен танысуға барғанда осыған көз жеткіздік.
Медицина • 23 Қараша, 2022
Мектеп медицинасы: Іс-шаралар ауқымы
Балалар денсаулығы – ел дамуының маңызды басымдықтарының бірі. Балалар жеңілдік санатына кіреді және мемлекет есебінен МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Балаларға Медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан медициналық ұйымдар тегін медициналық қызмет көрсетеді. 2022 жылы мектеп медицинасына шамамен 26,1 млрд теңге қарастырылған.
Аймақтар • 23 Қараша, 2022
Тәуелсіздік ұрпақтары марапатталды
Шымкент қаласында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапаталды. Өздері дайындаған тың жобаларын ұсынып, байқаушылардың жоғары бағасын алған талантты жастарға 1 миллион теңгеден қаржы үлестірілді. Іс-шараға арнайы қатысқан қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов жастарды жеңістерімен құттықтап, алдағы істеріне сәттілік тіледі.
Аймақтар • 23 Қараша, 2022
Жақында Шымкент аграрлық-техникалық колледжінде «Жұмыс беруші күні» өтті. Іс-шара техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында сапалы кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру және жұмыс берушілермен арада болған келісімшарт негізінде өзара іс-қимыл мен байланыстарды жақсарту мақсатында ұйымдастырылды. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева және колледждің әлеуметтік серіктестері қатысты.